-A A +A

Семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңес өтті

     Жуырда Маңғыстау облысының әділет департаментімен облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктері, мәслихаттары аппарат басшылары және заңгерлерінің қатысуымен  семинар-кеңес өтті.

     Семинарда 2017 жылдың 9 айында  нормативтік құықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде Әділет Департаментімен 35 НҚА қатысты 34 заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстың және 33 НҚА қатысты 19 ақпараттық хаттардың жолданғандығы, нәтижесінде Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамаларын бұзғаны үшін 27 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы атап өтілді.

      Сонымен қатар, НҚА-ның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бір-бірімен сәйкес  келмеуі, сонымен қатар ЖБО жауапты қызметкерлерімен жіберілген грамматикалық және орфографикалық қателер атап өтілді.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидарларын бекіту туралы» және «Заңға тәуелді нормативті құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілгені түсіндірілді.

    Семинар нәтижесінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыру, нормашығармашылық қызметінің өз деңгейінде іске асырылуын, НҚА жүргізілетін құқықтық мониторингтің сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

 

                    

                                               Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі