-A A +A

Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

      Ағымдағы жылдың 22 қыркуйегінде Маңғыстау облысы әділет департаментінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ облыстық орталығы қызметкерлерінің, «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясының  қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау бойынша семинар өткізілді.

      Шараның мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тапсырылған құжаттардан бас тартулардың санын азайтуды және Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздарды сапалы қабылдауды талқылау,  мемлекеттік қызмет көрсетудің  регламенті мен стандартын сақтау.

        Сонымен қатар, халық арасында  «Электрондық үкімет»  порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметті танымал ету сөз болды.

        Семинар соңында қатысушылар арасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін тәжірибеде бірыңғай қолдану пікірлері ортаға салынды.

                         

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі