-A A +A

Семинар өткізілді

         Семинар  өткізілді

   Ағымдағы жылдың 15 қарашада Маңғыстау облысының әділет департаментімен қалалық, аудандық АХАТ бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен  мемелкеттік қызмет көрсету салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру және жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау бойынша семинар өткізілді.

   Семинардың мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі,  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті және стандартын сақтау.

  Семинар барысында  бала (қыз) асырап алу мемлекеттік тіркеу бойынша туындаған мәселелер талқыланып, қатысушылар жұмыс тәжірибесімен алмасты.

  Семинар-кеңес соңында қатысушылармен аталған саладағы бірқатар өзекті мәселелер шешіліп,  жұмысты жақсарту  бойынша өз ұсыныстарын айтып өтті.                   

            

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі