-A A +A

Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

      13 шілде 2017 жылы  Маңғыстау облысының әділет департаменті ҚР «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау мәселелері бойынша Маңғыстау облысының нотариустары мен адвокаттарының қатысуымен семинар өткізді.

    Семинар барысында ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қаржы мониторингі субъектілеріне нотариустар мен адвокаттардың жататындығы, сондай-ақ, адвокаттарға қаржылық операция туралы деректер жинау жүйесіне тіркелу қажеттігі және өз клиенттерін тексеру жөнінде шаралар қолдануға тиіс екендіктері туралы адвокаттардың назарына жеткізілді.

     Семинар соңында нотариустар мен адвокаттар қаржы мониторингі субъектілерінің  қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға жолдау тәртібін талқылады.

                    

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі