-A A +A

Сот актілерін орындау бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді

Сот актілерін орындау бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді

  Ағымдағы жылдың 06 қазанында Ақтау қаласы прокуратурасының және Маңғыстау облыстық жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасының өкілдерінің қатысуларымен департаменттің жұмыс жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық іс жүргізулер бойынша азаматтарға қабылдау жүргізілді.

  Шараның мақсаты – азаматтардың атқарушылық іс жүргізу шеңберінде құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және олардың сұрақтары бойынша кәсіби құқықтық көмек көрсету.

  Аталған шараға 10-нан астам азамат атқарушылық құжаттарының орындалысы жөнінде, атап айтқанда алимент өндіру сондай-ақ, сұрақтардың басым көпшілігі жеке тұлғалардың пайдасына өндіру сұрақтарымен қатысты.

  Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, оларға атқарушылық іс жүргізу тараптары ретінде құқықтары мен міндеттері де түсіндірілді.

     

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі