-A A +A

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

 «Маңғыстау облысының әділет департаменті» РММ, Ақтау қаласы, 3 «Б» шағын аудан, 16 ғимарат анықтама үшін телефоны: 8(7292) 30-20-10 тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Аттестаттау  «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына, 2015 ж. 30.11. № 605 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.               Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы. Үміткердің ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын білуі. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңның 140 бабының  2 тармағында көзделген негіздер бойынша, нақтырақ, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адамдарға аттестаттауға жiберуден бас тартылады.         

Құжаттар: Маңғыстау облысы әдiлет департаментінің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады Құжаттарды қабылдау Маңғыстау облысы әділет департаментінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Аттестаттау өткізу орны: Ақтау қаласы, 3 «Б» шағын аудан, 16 ғимарат, 314  кабинет.                         

Аттестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына  сәйкес нысан

бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;                           

  1. жеке  куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын;  
  2. мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының сәйкес мәліметтер нысаны:
    • дипломының бар екендігі туралы;
    • тағылымдамадан өткендігі туралы;
  3. наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша,

оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтама;

  1. Соттылығы бар-жоқтығы туралы анықтама.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына  аттестаттау жөніндегі сұрақтар бойынша Сіз жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөліміне  8-7292-30-20-10/117 телефон нөмірі арқылы  хабарласып біле аласыз.

 

Жеке сот орындаушыларының

қызметін ұйымдастыру бөлімі