-A A +A

Терминологиялық секцияның отырысы өтті

Терминологиялық секцияның отырысы өтті

  Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Маңғыстау облысының әділет департаментінің ұйымдастыруымен заң шығармашылығы қызметінде қолданылатын, алайда бұрынғы бекітілген сөздіктерде жоқ терминдерді, сөздер мен сөз тіркестерін қарастыру мақсатында сот сараптамасы институты, аумақтық құқықтық ақпарат орталығы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен Терминологиялық секцияның кезекті отырысы өтті.

   Іс-шара барысында  қатысушылар жұмыста кездесетін терминдер мен сөз тіркестерін талдқылап, олардың ұғымы мен аудармасының сәйкестігі туралы пікірлерін ортаға салды.

  Нәтижесінде қатысушылар қаралған терминдерді мемлекеттік тілде бірыңғай қолдану мақсатында ҚР Әділет министрлігінің салалық терминологиялық комиссиясына жолдау үшін өз ұсыныстарын енгізді.

          

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі