-A A +A

Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді

Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді

 

     Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Маңғыстау ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді.

     Іс-шараның салтанатты бөлігін ашқан Маңғыстау ауданының әкімі барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, қатысушыларды және көрермендерді мерекелік іс-шараны өткізудің мақсатымен таныстырды.

      Іс-шараның басты мақсаты - 26 жыл ішінде Қазақстанның жеткен жетістіктеріне шолу жасап, табысқа жету жолындағы тарихи кезеңдерді еске түсіру, қызметкерлер арасында патриоттық сезімдерді ояту.

     Іс-шара барысында аудан әкімі тәуелсіздік – қазақ халқының еркін және бейбіт өміріне кепіл беретіндігін қатысушылар назарына жеткізді, сондай-ақ, мемлекеттің егемендігі – барлық қазақстандықтардың басты құндылығы екендігін атап өтті.

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай, қызметкерлер марапатталды.

Марапаттаудан басқа бұл күні аудан көлеміндегі барлық мемлекеттік орган қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

 

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі