-A A +A

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өткізілді

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өткізілді

 

     Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Мәдениет үйінің ғимаратында қызметкерлердің патриоттық тәрбиесін күшейту мақсатында Қарақия ауданының әкімінің және аудан көлеміндегі барлық мемлекеттік органдарының қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

        Аудан әкімі барлық қатысушыларды және бүкіл халықты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ, еліміздің жолы бірлік пен келісімде екенін атап өтті.

      Салтанатты жиын барысында Қарақия аудандық Әділет басқармасының бас маманы К.Баспаулиеваға жоғары жетістіктері, адал еңбегі мен ауданның дамуына үлес қосқаны үшін мақтау қағазы табысталды.

      Салтанатты шара мемлекеттік орган қызметкерлерінің Қазақстан туралы патриоттық әндер орындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

 

                           

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі