-A A +A

Тұңғыш Президент күніне орай конкурс өткізілді

Тұңғыш Президент күніне орай конкурс өткізілді

  Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Жаңаөзен қалалық әділет басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу мақсатында басқарма қызметкерлерінің және мектеп оқушыларының арасында үздік тематикалық шығармалар мен суреттер салудан конкурстар өткізілді.

  Аталған іс-шараның мақсаты – Тұңғыш Президент күнін насихаттау, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз еліне деген патриоттық сезіміне баулу.

  Іс-шара соңында барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

            

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі