Толық нұсқауға көшу
-A A +A

Тұңғыш Президент күніне орай спорттық іс-шара өткізілді

Тұңғыш Президент күніне орай спорттық іс-шара өткізілді

  Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қарақия аудандық әділет басқармасы, аумақтық бөлімі филиалы және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің, сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт бөлімі өкілдерінің қатысуымен әр түрлі жас аралықтағы қатысушылармен спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.

  Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу және аталған мереке күнін жастар арасында маңызын насихаттау.

  Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы А.Бультекова отбасылық «Мақсатыңа жет» ойынында 2 орынды иеленсе, аудандық сот орындаушы Ә.Әуелбаева шахмат ойындарына қатысып, 1 орынды иеленіп, марапатталды.

  Спорттық жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мұндай іс-шаралардың аудан көлемінде жиі өткізіліп тұру қажеттілігі туралы ұсыныстар айтты.