-A A +A

«Үлкенге-құрмет!» қайырымдылық акциясы өткізілді!

 «Үлкенге-құрмет!» қайырымдылық акциясы өткізілді!

     Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде 1 қазан – Халқаралық қарттар күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің (Қарттар үйі) қызмет алушыларына арналған «Үлкенге-құрмет!» облыстық акциясы өткізілді.

    Акцияның мақсаты Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау өңіріндегі мемлекеттік қызметшілердің тек қызметте ғана емес, қоғамда белсенділігін, отансүйгіштігін нығайту үшін, өлкемізде елдің рухани жаңғыруына, салт-дәстүрі мен ата тәрбиесінің бұзылмауына өз үлесімізді қосу болып табылады.

    Акция аясында «Қарттар үйі» ғимаратында мерекелік концерт өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қарттарға сыйлықтар таратылды.

   Сондай-ақ, аталған акция шеңберінде арнаулы әлеуметтік орталықтың тұрақты тұрғыны болған қарияларға әділет департаментімен тұрақты түрде қамқорлық көрсетілетін болады.

          

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі