-A A +A

Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесу өткізілді

Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесу өткізілді

 

         Жуырда Маңғыстау ауданының әділет басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Асар» акциясы аясында басқарма басшысының және жекеше нотариустың қатысуымен соғыс ардагері Телбайұлы Тилембаймен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты - патриотизмді тәрбиелеу, ардагерлер мен аға ұрпақты құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен өткенді мақтан тұту.

Кездесу барысында қатысушылар соғыс ардагеріне зор денсаулық тілеп, сыйлықтар табыстады.

         Кездесу соңында ардагер өздеріне көңіл бөлгеніне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта соғыс болмай, келешек ұрпақтың бейбіт және тыныш өмір сүруін тіледі.

 

           

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі