-A A +A

Ұштаған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Ұштаған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді

          Ағымдағы жылдың 20 маусымында «Қазақстан заңгерлері одағы» РҚБ МОФ мүшелері – Маңғыстау ауданының әділет басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Ұштаған ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

       Кездесудің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және олардың толғандырған сұрақтары бойынша кәсіби құқықтық көмек көрсету.

          Кездесу барысында меншік құқығы, әкімшілік реттеуді даулаудағы заңнаманың тиімділігі, даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі, зияткерлік меншікті қорғау индикаторларының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында азаматтарға заңды тұлғаны, жылжымайтын мүлікті тіркеуге байланысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

         Кездесу барысында сұрақтарымен жүгінген 12 азаматқа, оның ішінде, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша – 6, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ, заңды тұлғаларды онлайн режимде тіркеу тәртібі бойынша – 6 азаматқа түсіндіріліп, мамандармен құқықтық кеңестер берілді.

         Кездесу барысында сұрақтарымен жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

                    

         Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі