-A A +A

Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

      Ағымдағы жылдың 31 мамырында Маңғыстау облысы әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

     Үйлестіру кеңесінің отырысында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің борыштармен жұмыс басқармасының бас маманы А.Косарбаева  «Мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл барысында жеке тұлғалардан кедендік және салық төлемдерін өндіріп алу» тақырыбындағы баяндамасын жасады. 

     Баяндамада кедендік және салық төлемдерді аудару барысында сот орындаушыларымен төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына назар аударылды, себебі төлем құжаттардың дұрыс толтырылмау салдарынан қаражат бюджетке түспей қалуы мүмкін.   

        Отырыс соңында қатысушылар жеке тұлғалардан кедендік және салық төлемдерін өндіріп алу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау және шешу мақсатында мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының қатысуымен тоқсан сайын семинар өткізу қажеттілігі туралы  пікірлерімен алмасты.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі