-A A +A

Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

  Жуырда Маңғыстау облысының әділет департаментінде облыс, қала, аудан әкімдерінің аппарат басшыларымен және заңгерлерінің қатысуымен әділет органдары жанындағы мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

  Отырыста Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен  ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірілді.

  Енгізілген өзгеріске сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны екі мың адамнан жоғары аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейіндегі әкімшілік аумақтық бірліктерінде  жергілікті өзін-өзі басқарудың өз алдына бюджет енгізілетіндігі талқыланды.

  Осыған орай, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қала, аудан әкімі аппаратының басшылары мен заңгерлеріне ауыл, ауылдық округ әкімдерімен тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі