-A A +A

Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

  Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Жаңаөзен қалалық әділет басқармасының  ұйымдастыруымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» және «Құқық қорғау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша  ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобаларын талқылау мақсатында адвокаттардың  құқықтары мен міндеттерін және олардың процессуалдық өкілеттіктерін кеңейту бойынша Әділет басқармасы басшысының, адвокаттың, ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

  Іс-шара барысында қатысушылар ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне  және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпаратпен танысып, аталған Заң жобасының аясында адвокаттардың процессуалдық өкілеттіктерін кеңейту мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда,  азаматтардың қылмыстық процесте қорғалу деңгейiн арттыруға және оның жазалау сипатын төмендетуге, адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға бағытталған әрекеттер талқыланды.

  Іс-шара соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, Заң жобасын қолдайтындықтарын жеткізді.

 

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі