-A A +A

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық мәжілісінде заң жобасы талқыланды

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық мәжілісінде

заң жобасы талқыланды

  2017 жылдың 06 қарашасында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарларының, құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің, қалалық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен қала әкімдігінің кеңейтілген аппараттық отырысында Жаңаөзен қалалық әділет басқармасының басшысы А.Аккалжанов «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша баяндама оқыды.

  Жиналыс барысында адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу, адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыру және заң қызметінің қолжетілімдігі, адвокаттар қызметін оңтайландыру үшін ақпараттық технологияларды енгізу «Pro bono»-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына адвокаттар мен заң кеңесшілері тарапынан тегін заң көмегін көрсету тәсілі, сондай-ақ, заң кеңесшісінің мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, заң кеңесшілерінің палатасы,  адвокаттар алқасына кіру үшін төленетін алғашқы жарнаның алынып тасталуы, қызметтер тарифінің сеткасының бекітілуі бойынша заң жобасының негізгі бағыттары талқыланды.

  Кездесу соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, Заң жобасын қолдайтындығын жеткізді.

                                       

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі