-A A +A

Жармыш селосының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Жармыш селосының тұрғындарымен кездесу өткізілді

  Ағымдағы жылдың 20 қарашасында азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін және жеке қабылдау жүргізу қағидаларын түсіндіру мақсатында құрылған мобильді топтың, атап айтқанда, Маңғыстау ауданының әділет басқармасы және аудан көлеміндегі мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен Жармыш селосының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

  Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  заңы бойынша түсіндіріліп, сондай-ақ, «Айқын» кезекті инновациялық жобасы жасалғандығы туралы айтылды. Аталған жобаның ерекшелігі өтініш жазған тұлғалар өз өтініштерін берілген талонда көрсетілген бірегей номер арқылы servise.pravstat.kz сайтынан өтініш бойынша жұмыс нәтижелерін біле отырып, интернет желісі арқылы бақылауына мүмкіндік беретіндігі туралы мамандармен түсіндірілді.

  Іс-шара аясында қызметкерлер Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің өркендеуіндегі Тұңғыш Президенттің рөлін, оның іргетасы мықты ел болып қалыптасуы жолында жасалалынып жатқан саясаты мен идеялары, Елбасы Жолдауының басым бағыттары жөнінде қатысушылар назарына жеткізілді.

  Сонымен қатар, әділет органдарымен жүзеге асырылатын, атап айтқанда, жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша тұрғындармен қойылған сұрақтарға заңнама шеңберінде жауаптар берілді.

  Кездесу соңында қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі