-A A +A

Жеке тәжірибиемен айналысатын заңгерлер арасында өзін-өзі реттеуді енгізу талқыланды

Жеке тәжірибиемен айналысатын заңгерлер арасында өзін-өзі реттеуді енгізу талқыланды

  Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Маңғыстау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының заңгерлерінің қатысуымен ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заңы жобасы және жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер арасында өзін-өзі реттеуді енгізу барысы талқыланған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

  Дөңгелек үстел барысында департамент басшысы Заң жобасының нормаларын қатысушылардың назарына жеткізді, атап айтқанда, заң кеңесшісінің мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, заң кеңесшілерінің палатасы,  палатаның жарналары және жеке тәжірибиемен айналысатын заңгерлер арасында өзін-өзі реттеуді енгізу туралы атап өтті.

  Сондай-ақ, жеке тәжірибиемен айналысатын заңгерлермен аталған Заң жобасы талқыланып, өз кезегінде заңгерлер пікірлерін білдіріп, Заң жобасын қолдайтындықтарын жеткізді.

  Кездесу соңында, қатысушылармен заң жобалары тұжырымдамаларының тәжірибеде жүзеге асыру пікірлері ортаға салынды.

                    

Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі