-A A +A

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді

  Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Рахат ауылы әкімі аппаратының акт залында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін түсіндіру мақсатында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарымен кездесу өткізілді.

  Іс-шара аясында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша өтініштерді қабылдау және есепке алу тәртібі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы субъектілермен есептік мәліметтерді ұсыну тәртібі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есепті қалыптастыру тәртібі талқыланды.

  Кездесу барысында мамандармен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, тiркеу және есепке алу, өтініштерді қарау мерзімі, жеке және заңды тұлғалардың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау, өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу, өтінішті қарау барысында жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi, субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығы, өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығы принциптері туралы түсіндірілді.

  Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, заңнама талаптарының бұзылуын алдын алу және оларға жол бермеу қажеттілігіне аса назар аударылды.

  Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және есепке алу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

 

           

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі