-A A +A

Жұмыс кездесуі өткізілді

Жұмыс кездесуі өткізілді

     Ағымдағы жылдың 31 мамырында Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшылығы облыстық прокуратура және жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен атқару өндірістерінің өзекті мәселелері талқыланған жұмыс кездесуін өткізді.

       Кездесудің мақсаты – аяқталған атқарушылық құжаттардың көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бірыңғай құқыққолдану тәжірибесін қалыптастыру.

      Шара аясында «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жоспары жобасының, сондай-ақ мемлекет пайдасына өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалуына аса назар аударылды.

       Кездесу соңында отырыс қатысушылары көрсетілген санаттағы атқарушылық құжаттарының тиімді орындалуы бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі