-A A +A

Мұнайлы аумақтық бөлімі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің  «Мұнайлы аумақтық бөлімі» филиалы туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әділет департаментінің  «Мұнайлы аумақтық бөлімі» филиалы (бұдан әрі –филиал) әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         2. Филиал  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысымен бекітілген Маңғыстау облысының әділет департаментінің штат кестесіне сәйкес, филиалдың құрылымы мен штат санын әділет департаментінің басшысы бекітеді.

4. Филиалдың  заңды мекен-жайы:

- Қазақстан Республикасы, 130006, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, қоғамдық ұйымдардың ғимараты;

5. Филиалдың толық атауы:

 – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әділет департаменті «Мұнайлы аумақтық бөлімі» филиалы.

         6. Осы Ереже филиалдың құрылтай құжаты болып табылады.

         7. Филиалдың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  1. Филиалдың міндеттері мен құқықтары

8. Филиалдың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдері,ұйғарымдар және қаулылардың негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды,қылмыстық істердің мүліктік өндіріп алу бөлігі бойынша үкімдер мен қаулылардың,сондай-ақ басқа да органдардың  қаулыларын орындау жөніндегі міндеттерді заңмен белгіленген мерзімде жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;

9. Филиал қолданыстағы заңнамаға және және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түскен өтініштерді қарастыру;

атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат, түсініктеме және анықтамалар алу;

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес меншіктің кез-келген нысанындағы ұйымдарға тексеру жүргізу;

борышкерлердің банктік шоттары,жылжымалы және жылжымайтын мүлігіне тыйым салу;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған мүлікті сату;

қолданыстағы заңнамамен қаралған қаралған басқа да атқарушылық әрекеттерді іске асыру.

10. Филиал өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бас  тартқан тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге;

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Филиалдың қызметін ұйымдастыру

11. Филдиалды департамент басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

12. Филиал басшысы филиалға басшылық етуді жүзеге асырады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілік көтереді.

13. Осы мақсаттарда филиал басшысы:

1) өзі басқаратын аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады,бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады;

2)қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды:

3) филиал қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, үстемақы және сыйақы төлеу, тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша ұсыныстарын департамент басшысына енгізеді;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда филиалдың мүддесін білдіреді;

6) қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың сақталуын бақылайды және жеке жауапты;

7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

14.Филиалдың қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз етеін лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, құзыреттері мен өкілеттіктері әділет департаментінің ішкі қызмет регламентімен және осы ережемен белгіленеді.

4. Филиалдың мүлкі

15. Филиалдар оқшау мүлікке ие болмайды.

16. Қызметтерін жүзеге асыру үшін Филиалдарға заңдармен белгіленген тәртіпте Департаменттің баласында бар мүлік ұсынылады.

5. Филиалды тарату

17. Филиалды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Рахметов Ерғали Амантурдиевич- Мұнайлы аумақтық бөлімінің басшысы