-A A +A

Кәмелетке толмаған балаларды асырау ата-ана міндеті

               Кәмелетке толмаған балаларды асырау ата-ана міндеті 

            Қазақстан Республикасы “Неке және Отбасы ” туралы Заңының 138- бабының және 139- бабынын 1- бөлімінің талаптарына сай ата-ана кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті. Баланы асырау жөнінде келісім болмаған жағдайда талапкердің сотқа арыз беруі аркылы  алимент өндіріледі.

           Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жургізу және сот орындаушылар мәртебиесі » туралы Заңының 99-бабына сәйкес борышкердің бір немесе бірнеше орындау қағазы бойынша қарызы айлық табысынан ұсталған жағдайда, борышкердін 50 пайыз көлеміндегі айлық табысы сақталынады. Барлық өндірулер бойынша бірінші кезекте алимент өндіру туралы атқару құжаты орындалады.

          Алимент төлеуші борышкер жұмыс жасаған жағдайда оның жұмыс орнынан сот шешімі бойынша көрсетілген пайыз мөлшерінде, ал жұмыс жасамаған жағдайда, талапкердің пайдасына алимент сомасы Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық табыстан есептелінеді.  ҚР бойынша орташа айлық табыс туралы мәліметті статистика бөлімі арқылы анықталады.

          Тек қана балалары үшін ғана емес, ата- ана асырауына алимент өндіріліп жатырған борышкерлеріміз де бар. Балалары үшін ай сайынғы алимент сомасын уақытылы төлеп, өзіне байланысты сот бұйрығының орындалуына үлкен мән беріп жүрген борышкерлердің бар екендігін айта кеткен жөн болар.              

          Алимент төлеуші әрбір борышкер сот актілерін орындамаған жағдайда тек қана әкімшілік жазаға тартылып қана қоймай, Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінін 139- бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот актілерін уақытылы орындамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік қамауда болған борышкерлеріміз баршылық.     

        Сондықтан әрбір ата-ана кәмелетке толмаған балаларын асырау міндетті екенін ұмытпағаны абзал  

 Маңғыстау облысы

Әділет Департаментінің 

Түпқараған аумақтық  бөлімі

филиалының басшысы Жетимекова А.К