-A A +A

20.04.2015 ж ХАБАРЛАНДЫРУ

Хабарландыру

                Маңғыстау облысының Әділет департаментінің ғимаратында ағымдағы жылдың 20 сәуірінен күнделікті сағ.09.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңы аясында адвокаттар тегін заң көмегін көрсетеді.

         Осы орайда, ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 6 бабына сәйкес адвокаттармен келесі азаматтарға:

               1) соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде қуынушылар;

      2) егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлер;

      3) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегі тегін көрсетіледі, қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасалынады.

Кезекші адвокаттардың қабылдайтын орны: Ақтау қаласы, 3«б» шағын аудан, №16 ғимарат, 104 кабинет. Байланыс телефондары: 302010, 302011.