-A A +A

Мемлекеттiк сатып алу туралы

Мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303-III Заңы

 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 7 тамыз N 232-234

 

 

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиiсiнше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.10 № 178-IV Заңымен.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.05.04 № 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

      Осы Заң мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi олардың жүзеге асыруы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетiлетiн ақшалай аралық
      2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтiнiмдi дайындау үшiн әлеуеттi өнiм берушiге берiлетiн құжаттама, онда аукционға қатысуға өтiнiмге қойылатын талаптар, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылады;
      4) әлеуеттi өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
      7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесiлiлiк әрбiр келесi үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызының тиесiлi болатынын бiлдiредi;
      8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
      9) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
      11) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
      12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
      14) көрсетiлетiн қызметтер – тапсырыс берушiнiң қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
      15) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
      16) қаулы – бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдерi бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
      17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары – еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
      18) мемлекеттiк сатып алу – мыналарды:
      жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын қызметтердi;
      кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулi қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтердi;
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тапсырманы және оны орындау шеңберiнде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi;
      жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;
      19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      19-1) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы – бюджеттiк бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы;
      19-2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi – әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;
      19-3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
      20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi – мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
      22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет – мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
      24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметiн атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      24-1) мемлекеттiк сатып алу туралы электрондық шарт – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жасасылатын электрондық-цифрлық нысандағы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт;
      25) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      26) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      27) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      28) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      29) өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
      30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн, сондай-ақ тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң үздiк техникалық ерекшелiгiн (үздiк техникалық ерекшелiктерiн) айқындау үшiн сарапшыларды тарта отырып мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi құратын алқалы орган;
      31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн, сондай-ақ тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң үздiк техникалық ерекшелiгiн (үздiк техникалық ерекшелiктерiн) айқындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы не тапсырыс берушi тартатын, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу саласында тиiстi құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәлiктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық бiлiмi, тәжiрибесi мен бiлiктiлiгi бар жеке тұлға;
      32) тапсырыс берушiлер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзi құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      33) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
      33-1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағалардың дерекқоры – мемлекеттiк сатып алу веб-порталының бiр бөлiгi болып табылатын, мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қалыптасқан ең төменгi, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық кiшi жүйе;
      33-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң анықтамалығы (бұдан әрi – анықтамалық) – өзiнiң бiрегей коды бар, мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жүйеленген тiзбесi;
      33-3) ұлттық режим – егер мұндай режимдi ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленсе, шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiлердiң отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiлермен тең шарттарда мемлекеттiк сатып алуға қатысуға рұқсат берудi көздейтiн режим;
      34) ұсыну – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
      34-1) үздiк техникалық ерекшелiк – өз сипаттамалары бойынша тапсырыс берушi мәлiмдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетiн, тапсырыс берушi үшiн қажеттi сатып алынатын тауарлардың (қызметтердiң) сипатын қамтитын техникалық ерекшелiк;
      35) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
      36) электрондық аукцион (бұдан әрi – аукцион) – тапсырыс берушi сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетiн және оларға баға төмендетiлген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кездегi электрондық мемлекеттiк сатып алу тәсiлi;
      37) электрондық құжат – өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу;
      39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
             сатып алу туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу
              қағидаттары

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы:
      1) мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiне қатысу үшiн теңдей мүмкiндiк беру;
      3) әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
      4) мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы мен ашықтығы;
      5) отандық тауар өндiрушiлерге, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi берушiлерге қолдау көрсету қағидаттарына негiзделедi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен
              мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды
              регламенттейтiн нормаларын қолданбай жүзеге
              асырылатын мемлекеттiк сатып алу

      1. Осы Заңның өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормалары қолданылмай мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) егер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      3) жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу iс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды жүзеге асыру үшiн:
      жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
      қызметтiк үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктi;
      жасырын ұйымдар құру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
      қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтердi сатып алу;
      4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
      5) стратегиялық маңызы бар өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және уәкiлеттi орган бекiткен тауарлар тiзбесi бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
      6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды кейiннен өңдеу мақсатында уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша сатып алуы;
      7) өкiлдiк ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      8) көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердiң материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған iс-шараларға қатысқаны үшiн ақы төлеу;
      9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
      9-1) шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      10) қызметкерлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттiк (банктiк) ұйымды өзi анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегенi үшiн қызметтер көрсету бөлiгiнде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлiгiнде қаржылық қызмет көрсетулердi сатып алу;
      11-1) банк қызметiмен байланысты қаржылық көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      12) зағип және көзi нашар көретiн азаматтар үшiн мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерiн сатып алу;
      13) лизинг қызметiн жүзеге асыру кезiнде тауарларды кейiннен лизингке беру үшiн сатып алу;
      14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестердi сатып алу;
      15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша сатып алу;
      16) мемлекеттiк және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсiн және оның құжатын, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық) және жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi дайындау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өнiм берушiлерден Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететiн баспа өнiмдерiн сатып алу;
      17) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберiнде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi иелiкке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      20) жеке тұлғалар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға бiлiм беру ұйымын өзi таңдаған жағдайда);
      21) алып тасталды - ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
      21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;
      22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрi олармен бiрге жүру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      23) iссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      24) тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттiк мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның iшiнде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшiрмелерiн қоса алғанда, сирек кездесетiн және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
      25) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлiк меншiк объектiлерi болып табылатын тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      26) табиғи монополия субъектiлерiнен реттелетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      27) мемлекеттiк монополия субъектiсiнен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      28) еңсерiлмейтiн күштiң туындауы салдарынан, оның iшiнде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттiлiгi үшiн, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      29) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, сондай-ақ олардың атынан жұмыс iстейтiн тапсырыс берушiлердiң оқшауланған бөлiмшелерiнiң шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      29-1) дамуға ресми көмек шеңберiнде шет мемлекеттер аумағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнiндегi қызметтерiн сатып алу;
      31) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында белгiленген акционерлiк қоғамдардан және шаруашылық серiктестiктерiнен сатып алуы;
      31-1) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес өзi оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан, мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында көзделген жағдайларда, сатып алуы;
      31-2) монетарлық қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      31-3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес өзi оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан мұндай мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы бойынша сатып алуы;
      32) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      33) Қазақстан Республикасы Президентiн, өзге де күзетiлетiн тұлғаларды және күзетiлетiн тұлғалардың келуiне арналған объектiлердi күзетуге және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
      33-1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн тұлғалардың қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентiне және өзге де күзетiлетiн тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттiк резиденцияларды, автокөлiк құралдарын және әуе кемелерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн тұлғалардың қатысуымен iс-шаралар өткiзу үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      34) халықаралық төрелiкте немесе халықаралық коммерциялық төрелiкте және шетелдiк сот органдарында мемлекеттiң не тапсырыс берушiлердiң мүдделерiн қорғау мен бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заң қызметтерiн сатып алу;
      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      36-1) шетелдiк депозитарийлердiң және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетiлетiн қызметтерiн сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      37) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      38) мамандандырылған ұйымының (агенттiң) отандық өнiм өндiрушiлерден азық-түлiк тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
      39) статистикалық бақылаулар деректерiн өңдеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      40) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткiзетiн;
      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;
      мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлiктердi (активтердi) сатып алу;
      41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететiн қызметтерiн сатып алу;
      42) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
      43) мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық тауар өндiрушiлер мен жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған уәкiлеттi ұйымнан сатып алу;
      44) алынып тасталды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      45) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      46) электр энергиясын сатып алу;
      47) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      48) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
      49) нарыққа реттеушiлiк әсер ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервке тауарлар сатып алу;
      50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      51) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      52) отандық тауар өндiрушiлердiң — мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн өнiмдердi өндiру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      53) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған уәкiлеттi ұйымның мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнiмдердi), жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      54) ғарышкерлердi даярлау және ғарышкерлердiң ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      55) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және ұзақ мерзiмдiк бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл iшiнде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүргiзiлген болса, тапсырыс берушiнiң техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжiрибелiк өнеркәсiп үлгiсiнде өндiрудi және тауарларды сериялық өндiрудi ұйымдастыруды көздейтiн отандық тауар өндiрушiлерден тауарларды сатып алуы;
      56) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      57) мамандандырылған авиажөндеу кәсiпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметiн көрсетудi сатып алу;
      58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне қауiп төндiретiн ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен бөлiнген ақша есебiнен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      59) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      60) егер мұндай бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық iс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
      62) тиiстi авторлардың күрделi құрылыс объектiлерiнiң жобалау құжаттамасын әзiрлеудi авторлық қадағалау, күрделi құрылыс объектiлерiнiң құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделi жөндеуiн авторлық қадағалау жөнiндегi қызмет көрсетулерiн сатып алу;
      63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектiсiн (тарих және мәдениет ескерткiшiн) сақтау жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiне техникалық және авторлық қадағалау жүргiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      64) театрдың, филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетiлiмдердi жүзеге асыру және көпшiлiк алдында өнер туындыларын орындау үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      65) тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тұлғадан сатып алу;
      66) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган не оның ведомстволары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
      67) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
      68) спорт түрлерi бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық iс-шараларға қатысуына, оның iшiнде спорттық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган немесе жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарда жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 3-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу қағидаты сақтала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 11-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 38), 48), 53), 55), 64), 66) және 67) тармақшаларының ережелерi мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 182-IV, 2009.07.16 № 186-IV, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 334-IV, 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 543-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 125-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.12.2014 № 264-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi

      1. Мемлекеттiк сатып алу процесi:
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      2) мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеудi және бекiтудi;
      3) өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
      Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3. Тиiстi бюджеттiң (бизнес-жоспардың, кiрiстер мен шығыстар сметасының) негiзiнде тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен және нысанда мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi.
      Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджет (бизнес жоспар, кiрiстер мен шығыстар сметасы) бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер:
      1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомаларды қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы;
      2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмi;
      3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң жоспарланған мерзiмi мен орны;
      4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сома шегiнде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерi қамтылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында бекiтедi. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 153-бабының 7-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      4. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      5. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.
      Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.
      7. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген не нақтыланған жылдық жоспары негiзiнде қабылдайды.
      Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тиiстi бюджет бекiтiлгенге дейiн екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзетiн жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
      8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
      9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнi таңдау, сондай-ақ онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тапсырыс берушiнiң iркiлiссiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiнен аспайтын көлемде, уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша, күнделiктi немесе апта сайынғы қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
      10. Тапсырыс берушi мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттi нақтылау (түзету) кезiнде болған, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (бизнес-жоспарына, кiрiстер мен шығыстар сметасына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Тапсырыс берушi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi осындай шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
      1) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешiм туралы хабардар етуге;
      2) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдердi қамтамасыз етудi және (немесе) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын
қамтамасыз етудi қайтаруға мiндеттi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.12.26 № 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты
              шектеулер

      1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң басшылары және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнiм берушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң немесе ұйымдастырушының өкiлi болып табылса;
      2) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның қызметкерi тапсырыс берушiге не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуды дайындау жөнiнде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын объектiнiң құрылысына арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса;
      3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
      3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
      3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы болса;
      4) әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;
      5) баланстық құны тиiстi негiзгi құрал-жабдықтар құнының он процентiнен асатын әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) мүлкiне тыйым салынса;
      5-1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган оларды тиiстi борышкерлер тiзiлiмiне енгiзсе;
      6) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;
      7) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгер (бiрлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлерi) терроризм мен экстремизмдi қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тiзбесiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен енгiзiлсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.
      2. Әлеуеттi өнiм берушi мен әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
      3. Мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мүддесiне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға құқығы жоқ.
      4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушi не өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау
              тәртiбi

      1. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындау үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң алда болатын мемлекеттiк сатып алуда мүддесiн бiлдiретiн оның лауазымды адамын айқындайды.
      2. Тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты өз құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
      Тапсырыс берушi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеменi не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы етiп айқындауға құқылы.
      3. Алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      4. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеме, оған қатысты өзi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы.
      Мемлекеттiк кәсiпорын өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы.
      Дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
      5. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi тапсырыс берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi уәкiлеттi орган айқындайтын бюджеттiк бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бойынша орындайды;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмi тапсырыс берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындайды. (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен)
      Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмi айқындайтын бюджеттiк бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша орындайды;
      3) тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы;
      4) тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме үшiн тапсырыс берушi олардың арасынан мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi оларға қатысты құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшiн ол мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
      6. Алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзiнiң атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамды айқындауға мiндеттi. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң қызметкерлерi қатарынан айқындалуға тиiс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-1-бап. Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының
                мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру
                ерекшелiктерi

      1. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды мынадай кезегiмен келетiн кезеңдердi сақтай отырып өткiзедi:
      1) тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген құжаттарды қамтитын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге тапсырманы ұсынуы;
      2) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушi ұсынған, электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу  қағидаларында белгiленген құжаттарды қамтитын тапсырма негiзiнде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзiрлеуi және бекiтуi;
      3) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындауы және бекiтуi.
      Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекiтетiн конкурстық не аукциондық комиссияның құрамына тапсырыс берушiнiң өкiлдерi де кiредi, бұл ретте:
      осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыратын және өткiзетiн жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы айқындалуға тиiс;
      осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыратын және өткiзетiн жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тиiстi облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмi айқындалуға тиiс;
      4) қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуi;
      5) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыруды орналастыруы;
      6) мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушiге мәлiметтерi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiн алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулердi жiберуi;
      7) конкурс немесе аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындауы;
      8) тапсырыс берушiнiң жеңiмпазбен мемлекеттiк сатып алу туралы шартты осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттама негiзiнде жасасуы.
      2. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруы және өткiзуi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8-бап. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк
              талаптары

      1. Әлеуеттi өнiм берушiге жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптары қойылады.
      2. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай жалпы бiлiктiлiк талаптарына сай келуi:
      1) құқық қабiлеттiлiгiнiң (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық iс-әрекетке қабiлеттiлiгiнiң (жеке тұлғалар үшiн) болуы;
      2) төлем қабiлеттiлiгiнiң болуы, салық берешегiнiң болмауы;
      3) банкроттық не таратылу рәсiмдерiне жатқызылмауы тиiс.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздерiне қатысты оңалту рәсiмi өткiзiлiп жатқан әлеуеттi өнiм берушiлерге, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану мiндеттi болатын, мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.
      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсi, осы баптың 2-тармағында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлiгiнде қойылатын арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген тиiстi құжаттарды ұсынады.
      5. Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы осыған ұқсас мәлiметтердi қамтитын құжаттарды табыс етедi.
      6. Әлеуеттi өнiм берушi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың бiрiн:
      1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгендiгiн растайтын құжатты; 
      2) әлеуеттi өнiм берушiнiң биржаның ресми листингiне енгiзiлгендiгi туралы қор биржасының үзiндi көшiрмесiн беру арқылы растауға құқылы.
      3) алып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138-IV Заңымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).
      Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы расталады.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйеде мәлiметтер болмаған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары әлеуеттi өнiм берушi жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгерлер не қызметтер көрсету бойынша бiрлескен орындаушылар ретiнде тартуды көздейтiн жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
      Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлескен орындаушыларын) тартуды көздейтiн әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алуда көзделген жұмыстарды не көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыруға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлескен орындаушылардың) құқығын растайтын рұқсат беру құжаттарын ұсынуға тиiс. Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн орындау үшiн қосалқы мердiгерлер (бiрлескен орындаушылар) тартылған жағдайда, рұқсат беру құжаттары олар орындайтын жұмыс, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне берiледi.
      Жұмыстарды орындау не қызметтердi көрсету үшiн қосалқы мердiгерлерге (бiрлескен орындаушыларға) берiлуi мүмкiн жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң шектi көлемдерi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленедi.
      8. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу өткiзiлетiн соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабiлетi туралы жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай жағдайларда:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге растауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн конкурстық не аукциондық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;
      2)  бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау кезеңiнде растауға құқылы.
      9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
      10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың ерекше және арнайы тәртiптердi қолдану арқылы мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 № 138-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына
              сәйкес келмейдi деп танудың негiздерi

      1. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай негiздердiң бiрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылуға тиiс:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжат (құжаттар) ұсынбауы;
      2) әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) сәйкестiгiн растау үшiн табыс етiлген құжаттарында қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактiсiнiң анықталуы;
      3) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы.
      2. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiн (бiрлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10-бап. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары
              бойынша анық емес ақпарат беруiнiң салдары

      1. Бiлiктiлiк талаптары бойынша анық емес ақпарат берген әлеуеттi өнiм берушiлер осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiледi.
      2. Әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын бiлiктiлiк талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, уәкiлеттi орган не мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкiн.
      3. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактiсiн анықтаған тұлғалар:
      1) осындай фактi анықталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаға осы фактiлердi растайтын құжаттардың көшiрмесiн қоса берiп, тапсырыс берушiнi және уәкiлеттi органды жазбаша түрде хабардар етуге;
      2) осындай фактi анықталған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бiлiктiлiк талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа қуыным беруге мiндеттi.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттiк сатып алудың тапсырыс берушiлерi (ұйымдастырушылары) ретiнде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында қалыптастырылатын
               тiзiлiмдер

      1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай:
      1) тапсырыс берушiлердiң
      2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың
      3) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi – тiзiлiмдер) қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi өздерiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесiн бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелердi орындау нәтижелерi туралы мәлiметтер бар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесiн бiлдiредi.
      Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер бар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша айқындайды. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге жатпайды.
      4. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:
      1) бiлiктiлiк талаптары бойынша дәйексiз ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      3) жеңiмпаздар деп айқындалған, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесiн бiлдiредi.
      Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi заңды күшiне енген соттар шешiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырылады.
      Осы тармақта көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер немесе өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiмен жасалуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап, бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аталған тiзiлiмнен шығарып тасталады.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың сот тәртiбiмен шағымдануына болады.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң немесе өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгiнуге мiндеттi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгiнуге мiндеттi.
      5. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмдерде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      12-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi

      1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:
      1) конкурс тәсiлiмен. Конкурс екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн;
      2) баға ұсыныстарын сұрату;
      3) бiр көзден алу;
      4) аукциондарда;
      5) тауар биржалары арқылы.
      2. Тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiспей-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес таңдайды.
      3. Өзiнiң филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық көлемiн негiзге ала отырып, тапсырыс берушiнiң атынан осындай мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушiнiң филиалы (өкiлдiгi) тiкелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлiн тапсырыс берушi айқындауға құқылы.
      4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      6-тармақ 2012.07.01 дейiн қолданылады (Осы Заңның 47-1-б. қараңыз).
      6. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
      7. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
      Көрсетiлген талап осы Заңның 41 және 42-баптарына сәйкес конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк
               сатып алу саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      3) осы Заңда айқындалған отандық әлеуеттi өнiм берушiлер санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды;
      4) отандық тауар өндiрушiлер өндiретiн және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      5) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
      6) түзету мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушiлер сатып алатын, сол кәсiпорындар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемдерiн бекiтедi;
      7) қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртiбiн айқындайды;
      8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      9) арнайы қорғау дәрежесi талап етiлетiн баспа өнiмдерiн берушiлердi айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнiмнiң тiзбесiн бекiтедi;
      10) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      14-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және қабылдайды;
      2) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдер қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң мемлекеттiк сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгiзiлген отандық тауар өндiрушiлерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, қорыту және талдау тәртiбiн айқындайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану тәртiбiн айқындайды;
      5) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық iркiлiстер туындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу веб-порталының жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      қажет болған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi ұсынған есептiлiк деректерiнiң, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексередi;
      7) iркiлiссiз қызметтi қамтамасыз ету үшiн тапсырыс берушiлер сатып алатын күнделiктi немесе апта сайын қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      8) осы Заңның нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор биржаларының тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      9) мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
      10) стратегиялық маңызы бар өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және шетелден сатып алынатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
      11) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, тауарларды мемлекеттiк сатып алудың үлгiлiк шартын, жұмыстарды мемлекеттiк сатып алудың үлгiлiк шартын және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың үлгiлiк шартын бекiтедi;
      12) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртiбiн айқындайды;
      13) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгiлiк талаптарды белгiлейдi;
      14) мемлекеттiк сатып алу саласындағы тiзiлiмдердi қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      15) электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын айқындайды;
      16) мемлекеттiк сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру тәртiбiн айқындайды;
      17) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындайды;
      18) аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      19) конкурстың не аукционның қорытындылары шығарылғанға дейiнгi және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге тапсырыс берушiлер бiр көзден сатып алатын күнделiктi немесе апта сайын қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      20) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзудi бiрыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттiк бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiнен қажеттi ақпарат пен материалдарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртiппен сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргiзуге тартуға құқылы.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      14-1-бап. Электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы
                 бiрыңғай оператордың өкiлеттiгi

      Электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор:
      1) мемлекеттiк сатып алу саласында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi әзiрлеудi, енгiзудi, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс iстеуiн  және оны техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
      4) осы Заңға сәйкес өтеусiз негiзде мiндеттi түрде жариялануға жататын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастырады;
      5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусiз негiзде ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға электрондық қызмет көрсетедi;
      6) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне өтеусiз негiзде консультациялық және практикалық көмек көрсетедi;
      7) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттiк сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы есептiлiктi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
      9) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара iс-қимыл жасайды;
      10) анықтамалықты енгiзе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағалардың дерекқорын енгiзудi және сүйемелдеудi жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу
               туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:
      1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк қаржы бақылау органдары;
      2) уәкiлеттi орган бақылау объектiлерiн жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердi орындау арқылы жүзеге асырады.
      2. Мыналар:
      1) тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы;
      2) әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа қатысушы, аукционға қатысушы, өнiм берушi, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшiн қосалқы мердiгерлер не қызметтер көрсету үшiн бiрлескен атқарушылар ретiнде тартатын тұлғалар;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      4) мемлекеттiк сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;
      5) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор бақылау объектiлерi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектiлерiне осы баптың 2-тармағында көрсетiлген тұлғалар жатады, олар бiр мезгiлде мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерi болып табылады.
      4. Бақылау объектiлерiне қатысты жоспарлы тексерулер күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр реттен артық жүзеге асырылмайды.
      5. Уәкiлеттi орган жоспардан тыс тексерулердi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағымданумен әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнiм берушi не олардың уәкiлеттi өкiлi жазбаша өтiнiш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;
      2) бақылау объектiлерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны туралы ақпарат келiп түскенде;
      3) құқық қорғау органдарының қаулылары келiп түскен кезде;
      4) мемлекеттiк сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      6. Уәкiлеттi орган бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
      1) бақылау объектiсiне орындауға мiндеттi ұсыну жiбередi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      3) мiндеттемелерi толық көлемде және тиiсiнше орындалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгiнедi.
      7. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде тиiстi бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
      1) бақылау объектiлерiне орындауға мiндеттi қаулылар, ұсынулар жiбередi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      8. Бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгiлерi бар iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) жасасу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қаржы бақылау органдары осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аталған iс-әрекеттiң (әрекетсiздiктiң) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактiнi растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге мiндеттi.
      9. Мемлекеттiк қаржы органдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. КОНКУРС ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      16-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
               жүзеге асыру

      1. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға мiндеттi түрде бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
      Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңiмпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
      4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп айқындалған және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер конкурсқа қатысады.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде өтпедi деп есептеледi:
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтiнiмдердiң болмауы;
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтiнiмнiң ұсынылуы;
      3) конкурсқа қатысуға бiр де бiр әлеуеттi өнiм берушiге рұқсат берiлмеуi;
      4) конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушiге рұқсат берiлуi;
      5) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық баға ұсыныстарының болмауы;
      6) конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысын ұсынуы;
      7) осы Заңның 26-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысының бағалануға және салыстыруға жатқызылуы;
      8) конкурс жеңiмпазының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      17-бап. Конкурстық құжаттама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде әзiрлейдi.
      2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндiрушiлерiнiң коммерциялық емес ұйымдары бекiткен үкiметтiк емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшелiктер қамтылуға тиiс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететiн жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиiс;
      3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
      5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
      6) төлем жасау шарттары және елеулi шарттары көрсетiле отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) бағадан басқа критерийлер, солардың негiзiнде конкурс жеңiмпазы, оның iшiнде әрбiр осындай критерийлердiң салыстырмалы мәнi және шартты бағаны есептеудiң әдiстемесi айқындалады;
      8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның iшiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кедендiк баждарды, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеудi көрсету;
      9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрiнетiн валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын бағам; 
      10) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
      11) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзудiң талаптары, өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мазмұны мен түрлерi;
      12) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiн оны берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi сiлтеме жасау;
      13) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың тәртiбi, тәсiлi мен соңғы мерзiмi және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданыс мерзiмi;
      14) әлеуеттi өнiм берушiлер олардың көмегiмен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiрулер сұрата алатын тәсiлдер;
      15) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнi және уақыты;
      16) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсiмдерiнiң сипаты;
      17) алда болатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкiлеттiк ететiн олардың өкiлдерi туралы мәлiметтер;
      18) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң талаптары, түрлерi, көлемi және оны енгiзудiң тәсiлi;
      19) конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомалар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      Конкурстық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
      3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндiрiстiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға сiлтемелердiң болуына:
      1) негiзгi (белгiленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшiн;
      2) тауарды лизингке беру жөнiнде қызметтер көрсетушiнi айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттiгiнiң туындауы үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берiлмейдi.
      4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай критерийлердi:
      1) әлеуеттi өнiм берушiде:
      өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерiктi сертификаттау жүргiзiлгенiн растайтын құжаттың
      ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiктi растаудың болуын;
      2) тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге мiндеттi.
      5. Алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      5-1. Алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
      Мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның мiндетiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
      Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      7. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.12.03 № 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
               асыру туралы хабарлама

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынуының соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асыратын жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күн бұрын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      19-бап. Конкурстық құжаттаманы ұсыну

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бекiтiлген конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялау арқылы мүдделi тұлғаларға конкурстық құжаттаманы ұсынады.
      Мемлекеттiк сатып алу веб-порталындағы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркеледi.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру

      1. Осы Заңның 19-бабына сәйкес өздерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кемiнде күнтiзбелiк бес күн бұрын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалмен өтiнiш жасауға құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы күнi өткенге дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабына сәйкес өздерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалардың сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, осы Заңның 19-бабына сәйкес өздерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғаларға енгiзiлген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы жiберуге мiндеттi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он бес күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      21-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
      2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi туралы растауды қамтуға тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiстi мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу  қағидаларында айқындалады.
      3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық құжаттамада белгiленген талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсыну

      1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға оны ұсынудың конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
      Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмi:
      1) әлеуеттi өнiм берушi осы конкурсқа қатысуға бұрын өтiнiм берген;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн келiп түскен;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және  4)тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.
      2. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлер берген өтiнiмдер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi электрондық тiркеу журналында автоматты түрде тiркеледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер ұсыну мерзiмiнiң аяқталуынан кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң конкурстық құжаттамада белгiленген қолданыс мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың қолданыс мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi:
      1) өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданыс мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;
      2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi мұндай өтiнiмнiң қолданыс мерзiмi өткеннен кейiн қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
      5. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға өзiнiң қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      23-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

      Ескерту. 23-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      23-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
                 алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

      1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi:
      1) өзiн конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде беретiнiнiң, ал кейiннен оны керi қайтарып алмайтынының
      2) өзiн конкурстың жеңiмпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының
      3) конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) оны енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды уақтылы және тиiстi түрде орындайтындығының кепiлi ретiнде енгiзедi.
      2. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) конкурсқа қатысушы деп танылған, осы Заңның 26-1-бабы 2-тармағының үшiншi бөлiгiне сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған әлеуеттi өнiм берушiнi қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде ұсынбаған не керi қайтарып алған;
      2) конкурс жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде, оның iшiнде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушiге қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебiне жатқызылады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарады:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда.
      Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған
               конверттердi ашу

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      24-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
                 алуға қатысуға өтiнiмдердi ашу

      1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтiнiмдердi түпкiлiктi табыс етудiң күнi мен уақыты келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде бередi.
      2. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтiнiмдерiн ашу хаттамасын ашылған күнi конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелерiне, осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жiбередi.
      Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-бап. Жұмыстар бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi
               қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
      2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
      Бұл ретте:
      1) мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң нәтижелерiне мүдделi;
      2) тапсырыс берушiмен, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарымен не әлеуеттi өнiм берушiлермен еңбек қатынастарында байланысты;
      3) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарының бiрiншi басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
      Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сай келетiн сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi сарапшы ретiнде жұмыс iстеу үшiн тиiстi бейiндегi мемлекеттiк қызметшiлердi не сатып алынатын жұмыстарға мамандығы сәйкес келетiн өзге мамандарды тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтеусiз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусiз де негiзде тартылады.
      Конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуi нысанасына конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге алдын ала рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуi туралы себептер көрсетiлген ақпарат қамтылуға тиiс.
      Әлеуеттi өнiм берушiлер бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресiмделмейдi.
      5. Конкурстық комиссия бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтаған жағдайда, мұндай әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру құқығын бередi.
      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау кезiнде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрудiң осы баптың 5-тармағында көзделген мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес кептiруден көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiм мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      7. Әлеуеттi өнiм берушiге осы баптың 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiргеннен кейiн, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сай келмейдi деп айқындалса;
      2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, конкурсқа қатысуға рұқсат берiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      8. Егер әлеуеттi өнiм берушiге осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берiлмесе, онда:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қабылдамаудың негiздемелерi көрсетiледi;
      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
      9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау нәтижелерi бойынша:
      1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) конкурсқа қатысушыларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәндерiн қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi.
      Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетiледi. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресiмдеуге жол берiледi.
      10. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтiнiмдерi осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық тiркеу журналында автоматты түрде тiркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.
      11. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      25-1-бап. Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер бойынша
                 конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау,
                 конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды бiлiктiлiк талаптарына, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау, оның iшiнде үздiк техникалық ерекшелiктi (үздiк техникалық ерекшелiктердi) айқындау бөлiгiнде және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
      Үздiк техникалық ерекшелiк ұсынылатын тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын бағалау негiзiнде айқындалады.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлар мен қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау және үздiк техникалық ерекшелiктi (үздiк техникалық ерекшелiктердi) айқындау үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлар мен қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау және үздiк техникалық ерекшелiктi (үздiк техникалық ерекшелiктердi) айқындау үшiн сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
      Бұл ретте:
      1) мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiнiң нәтижелерiне мүдделi;
      2) тапсырыс берушiмен, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарымен не әлеуеттi өнiм берушiлермен еңбек қатынастарында байланысты;
      3) тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншiлес және тәуелдi ұйымдарының бiрiншi басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
      Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сай келетiн сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс берушi сарапшы ретiнде жұмыс iстеу үшiн тиiстi бейiндегi мемлекеттiк қызметшiлердi не сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге мамандығы сәйкес келетiн өзге мамандарды тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтеусiз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусiз де негiзде тартылады.
      Конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды.
      4. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуi нысанасына конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге алдын ала рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуi туралы себептер көрсетiлген ақпарат қамтылуға тиiс.
      Әлеуеттi өнiм берушiлер бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресiмделмейдi.
      Бұл ретте, үздiк техникалық ерекшелiктi (үздiк техникалық ерекшелiктердi) айқындай отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресiмделедi.
      5. Конкурстық комиссия бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтаған жағдайда, мұндай әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру құқығын бередi.
      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау кезiнде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрудiң осы баптың 5-тармағында көзделген мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiм мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      7. Әлеуеттi өнiм берушiге осы баптың 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiргеннен кейiн, егер:
      1) ол және (немесе) оның бiрлескен орындаушысы осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сай келмейдi деп айқындалса;
      2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, конкурсқа қатысуға рұқсат берiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      8. Егер әлеуеттi өнiм берушiге осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берiлмесе, онда:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қабылдамаудың негiздемелерi көрсетiледi;
      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
      9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтадан қарау нәтижелерi бойынша:
      1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған үздiк техникалық ерекшелiктi (үздiк техникалық ерекшелiктердi), оның iшiнде сараптама комиссиясының (сарапшының) қорытындысын ескере отырып, айқындайды;
      3) конкурсқа қатысушыларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәндерiн қолданады;
      4) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi.
      Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетiледi. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресiмдеуге жол берiледi.
      10. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтiнiмдерi осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық тiркеу журналында автоматты түрде тiркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.
      11. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
      12. Үздiк техникалық ерекшелiктi (үздiк техникалық ерекшелiктердi) оның (олардың) болмауына байланысты айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, тапсырыс берушi мәлiмдеген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатына сәйкес келетiн техникалық ерекшелiктер қарауға жатады.
      Ескерту. 3-тарау 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен
               салыстыру (конкурс)

      Ескерту. 26-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      26-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
                 алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық баға
                 ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген күнi және уақытта жүргiзедi.
      2. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсынысын беруге тиiс.
      Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталына осы Заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделген техникалық ерекшелiктердiң бiрiне конкурстық баға ұсынысын электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген тәртiппен бередi.
      Осы Заңның 25-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген (конкурсқа қатысушы деп танылған), техникалық ерекшелiгi үздiк деп айқындалмаған әлеуеттi өнiм берушi конкурстық баға ұсынысын бермеуге құқылы.
      3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәлiметтер конкурстық баға ұсыныстарын тiркеудiң электрондық журналына автоматты түрде енгiзiледi.
      4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда мемлекеттiк сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi электрондық мемлекеттiк сатып алу қағидаларында анықталады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен жағдайда;
      3) конкурсқа қатысушы бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берген жағдайда;
      4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кеш келiп түскен жағдайда.
      5. Конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамада белгiленген күнi мен уақытта мемлекеттiк сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамада көрсетiлген критерийлердiң тиiстi салыстырмалы мәнiн қолдану арқылы автоматты түрде бағалауды жүргiзедi және конкурсқа әрбiр қатысушының шартты бағасын есептейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған
кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында, оның iшiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ұқсас түрлерi бойынша мол жұмыс тәжiрибесi бар әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады. Шартты бағалары тең бiрнеше әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесi тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарынан бұрынырақ келiп түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.
      Ескерту. Заң 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      27-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың
               қорытындылары туралы хаттама

      1. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттама конкурстық комиссияның барлық мүшелерiн және өздерi туралы мәлiметтер конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық пошта арқылы бiр мезгiлде хабардар ете отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және жарияланады.
      2. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттама жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ол бойынша конкурс жеңiмпазы деп айқындалған техникалық ерекшелiктi көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны конкурс жеңiмпазына жiбередi.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      28-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
               өтпедi деп танудың салдары

      1. Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қатысуға өткiзу туралы;
      3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.
      2. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бiр әлеуеттi өнiм берушiнiң жiберiлуiне байланысты өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi онымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушiнiң жiберiлуiне байланысты өтпедi деп танылған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомадан аспауға тиiс.
      3. Осы Заңның 26-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы қабылданбағаннан кейiн қабылданбаудан тысқары бiр ғана конкурстық баға ұсынысының қалуына байланысты конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi мұндай конкурсқа қатысушымен бiр кезден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтiнiмiнде көзделген талаптарға сүйенiп жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиiс.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      29-бап. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс
               тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң
               ерекшелiктерi

      1. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу:
      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi өзiндiк ерекшелiгiн толық тұжырымдау әрi олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
      2) зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе әзiрлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткiзiлуi мүмкiн.
      2. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай дәйектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
      1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
      сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсын айқындау;
      екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыруды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялау;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуi;
      әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстарды табыс етуi;
      сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi талқылауы;
      сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiн әзiрлеуi;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бекiтуi;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiберуi;
      2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.
      3. Егер әлеуеттi өнiм берушi екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.
      4. Екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурсты өткiзу тәртiбi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
               сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

      1. Егер осындай бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспаса, бiртектi тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргiзiледi, бұл ретте баға шешушi шарт болып табылады.
      2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
      3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiн қолдану мақсатында бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiн қаржылық жыл iшiнде олардың бiрiнiң мөлшерi осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлiкке бөлшектеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
               сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталында мынадай:
      1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;
      2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндiрушiлерiнiң коммерциялық емес ұйымдары бекiткен үкiметтiк емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң қысқаша сипатын;
      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
      4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
      5) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын табыс етудi бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;
      6) елеулi талаптарын, оның iшiнде техникалық шарттарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттiк сатып алуды мынадай:
      1) негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн;
      2) тауарды лизингке беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi берушiнi айқындау үшiн және лизингтiң нысанасын егжей-тегжейлi сипаттау қажеттiгi туындағанда жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
      2. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген мәлiметтердi қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын беруi оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенiнiң нысаны болып табылады.
      3. Баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргiзедi.
      Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.
      Егер ең төмен баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушiлер берген жағдайда, өзiнiң баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын салыстыруды автоматты түрде жүргiзедi.
      4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуеттi өнiм берушiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттiк сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсiлдермен оның баға ұсынысына қатысты келiссөздер жүргiзiлуiне жол берiлмейдi.
      5. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден аз баға ұсынысы табыс етiлген болса, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттiк сатып алуды өтпедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
      6. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы:
      1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;
      2) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.
      Өзге негiздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берiлмейдi.
      7. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары оларды шығарғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде жарияланады.
      9. Тапсырыс берушi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi не осы баптың 3-тармағының үшiншi бөлiгiне сәйкес жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюға және ол мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде тапсырыс берушiге табыс етiлуге тиiс.
      Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Жеңiмпаз деп айқындалған және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiледi.
      10. Егер жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi қол қойылған мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге белгiленген мерзiмде бермесе, тапсырыс берушi:
      1) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты – осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуеттi өнiм берушiмен, ал мұндай әлеуеттi өнiм берушi болмаған кезде баға ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi ұсынған бағадан кейiн ең төмен болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiмен жасасуға;
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. БIР КӨЗДЕН АЛУ ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      32-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
               жүзеге асыру негiздерi

      Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
      1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған мемлекеттiк кәсiпорында, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнiм берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
      3) егер осындай мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мерзiмi, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiмi iшiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге қажеттi осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде, уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша жылдың бiрiншi айы iшiнде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейiнгi және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге күнделiктi және (немесе) апта сайынғы қажеттiлiктi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға қажеттiлiк болса;
      4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
      5) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      33-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
               жүзеге асыру

      1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жiбередi, онда мынадай мәлiметтер:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
      2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндiрушiлерiнiң коммерциялық емес ұйымдары бекiткен үкiметтiк емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшелiктерi қамтылуға тиiс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететiн жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шақыруда сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиiс;
      3) мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      4) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң орны;
      5) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдеме беру;
      6) төлем шарттары және елеулi талаптары көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу талаптары, нысаны, көлемi және тәсiлi;
      8) бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сома туралы мәлiмет;
      9) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
      10) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
      2. Бiр көзден алу тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғаларын көрсете отырып, әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын;
      2) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;
      3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге берiлетiн бағалардың жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.
      3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпедi деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      34-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу
               қорытындылары туралы хаттама

      1. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тиiстi хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпарат:
      1) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қолдану негiздемесi;
      2) бiр көзден алу тәсiлiмен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
      3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиiс.
      2. Тапсырыс берушi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға мiндеттi. Аталған талап мәлiметтерi мемлекеттiк құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. Аукцион тәсiлiмен және тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
               асыру

       1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткiзiлуiн электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор қамтамасыз етедi.
      2. Аукцион бiр лотқа өткiзiледi, бұл ретте уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша, құндық мәндегi жылдық көлемi республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен асатын тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет аукционның нысанасы болып табылады.
      Тауарды (жұмысты, қызметтi) беретiн (орындайтын, көрсететiн) бiрнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн лотта тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) беретiн (орындайтын, көрсететiн) бiрнеше орынды көрсетуге жол берiледi.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарастыру қорытындысы бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      35-1-бап. Аукциондық құжаттама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде қалыптастырады.
      2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер қамтылады:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндiрушiлерiнiң коммерциялық емес ұйымдары бекiткен үкiметтiк емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшелiктер.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететiн жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде аукциондық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етiлетiн функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиiс;
      3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
      5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
      6) төлем шарттары және елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
      8) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары мен оның мөлшерi;
      9) әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығын көрсету;
      10) аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету тәртiбi және аукционға қатысуға өтiнiмнiң талап етiлетiн қолданыс мерзiмi;
      11) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсiндiру туралы сауалдарды ұсыну тәртiбi;
      12) аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталатын күн мен уақыт;
      13) аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсiмдерiнiң сипаты;
      14) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары, түрлерi, көлемi және тәсiлi;
      15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
      16) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманы төмендету шамасы (ақшалай мәндегi аукцион адымы);
      17) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күн;
      18) аукцион өткiзiлетiн күн мен уақыт.
      Аукциондық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
      4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру тәртiбi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Бұл ретте аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу нысанасын өзгертуге жол берiлмейдi. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өздерi туралы мәлiметтер аукциондық құжаттама алған адамдарды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
      2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
      Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, аукционға қатысу өтiнiмдерiн табыс етудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк жетi күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.
      Ескерту. 6-тарау 35-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-2-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
                 асыру туралы хабарлама

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      2. Егер аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет  туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма мың еселенген мөлшерiнен аспаса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жетi күн бұрын мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
      Ескерту. 6-тарау 35-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-3-бап. Аукционға қатысуға өтiнiм

      1. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенiнiң нысаны болып табылады.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзi мен тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңмен тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көрсетiлген фактiлер анықталған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұзуға келiсiм беруi туралы растауын қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң қолданыс мерзiмi аукциондық құжаттамада белгiленген, талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 6-тарау 35-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-4-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету

      1. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететiн аукционға қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрiнде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тiзбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екi бөлiктен тұрады.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгi:
      1) тауарды мемлекеттiк сатып алу кезiнде, қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауардың сипаты мен ұсынылатын техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердiң атауын және өндiрушiнiң атауын көрсете отырып, сондай-ақ егер аукциондық құжаттама сатып алынатын тауардың эскиздерiн, суреттерiн, сызбаларын, фотосуреттерi мен өзге де бейнелерiн беру туралы талапты көздеген жағдайда, онда аукционға қатысуға өтiнiмде осындай ақпарат қамтылуға тиiс);
      2) жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметтi көрсетуге келiсiмiн;
      3) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотында не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепiлдiктi ақшалай жарна түрiнде енгiзген жағдайда, кепiлдiктi ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесiн қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi банктiк кепiлдiк түрiнде енгiзген кезде оның түпнұсқасы электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген тәртiппен, аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмiне дейiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға берiледi.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң екiншi бөлiгi әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы Заңның 8-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдi оларды табыс етудiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
      4. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында хронологиялық тәртiппен тiркеледi.
      5. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталатын кезден кешiктiрмей:
      1) аукционға қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмнiң өзi енгiзген қамтамасыз етiлуiн қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты аукционға қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
      6. Әлеуеттi өнiм берушi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға өзiнiң қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.
      Ескерту. 6-тарау 35-4-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-5-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

      1. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi, өзiнiң:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтынының не оны өзгертпейтiнiнiң және (немесе) толықтырмайтынының
      2) өзiн аукционның жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының және аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзетiнiнiң кепiлi ретiнде енгiзедi.
      2. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген тәртiппен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн аукционға бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде, оның iшiнде уақтылы орындамаған;
      3) аукционды өткiзу басталғаннан кейiн отыз минут iшiнде аукционның ешбiр қатысушысы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда, аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды. Мұндай жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебiне жатқызылады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтарады:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi жағдайда.
      Ескерту. 6-тарау 35-5-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-6-бап. Аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi
                 бөлiктерiн ашу және қарау, аукционға қатысуға
                 рұқсат беру

      1. Аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн ашуға рұқсатты аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiнiң күнi мен уақыт келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде бередi.
      2. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгi ашылатын күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукциондық комиссияның мүшелерiне, әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген, аукционға қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң электрондық журналына енгiзiлгенi туралы автоматты түрде хабарлама таратады.
      3. Аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану мақсатында аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарауды жүзеге асырады.
      4. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң мерзiмi аяқталатын күннен және уақыттан бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру туралы шешiмдi қабылдайды.
      5. Егер аукционға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлсе, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
      6. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке мамандығы сәйкес келетiн мемлекеттiк қызметшiлердi не өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтемсiз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
      Аукциондық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды.
      Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      8. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) оның аукционға қатысу өтiнiмiнiң бiрiншi бөлiгi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;
      2) аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi енгiзбесе, аукционға қатысуға жiберiлмейдi (аукционға қатысушы деп танылмайды).
      9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан аукциондық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (аукционға қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукциондық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң электрондық журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.
      10. Аукциондық комиссия екеуден аз әлеуеттi өнiм берушiнi аукционның қатысушысы деп таныған жағдайда аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
      11. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 6-тарау 35-6-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-7-бап. Аукционды өткiзу

      1. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетiлген күнi және мерзiмде өткiзiледi.
      Аукционды өткiзу күнi аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күннен бастап екi жұмыс күнi өткеннен кейiнгi келесi жұмыс күнi болып табылады.
      2. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.
      3. Аукцион өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргiзiледi.
      Аукцион адымы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейiнгiнi құрайды.
      4. Аукционды өткiзу кезiнде аукционға қатысушылар өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныстар бередi, ол баға туралы ағымдағы ең төменгi ұсынысты аукцион адымы шегiндегi шамаға төмендетудi көздейдi.
      5. Аукционды өткiзу кезiнде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан төмендетiлген, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
      6. Егер аукционның осы қатысушысы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
      7. Аукционға қатысушылардың өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткiзу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы соңғы ұсыныс келiп түскеннен кейiнгi он минутты құрайды. Егер көрсетiлген уақыт iшiнде өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бiр де бiр ұсыныс келiп түспесе, аукцион аяқталады.
      8. Егер өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң аукционның басқа бiр қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келiп түскен ұсыныс үздiк болып танылады.
      9. Егер аукционды өткiзу басталғаннан кейiнгi отыз минут iшiнде аукционға қатысушылардың бiр де бiреуi өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы баптың 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпедi деп танылады.
      10. Аукционды өткiзудiң нәтижелерi туралы хаттама аукционды өткiзу аяқталған күнi автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.
      Ескерту. 6-тарау 35-7-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-8-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi
                 бөлiктерiн қарау

      1. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн қарауға рұқсатты мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күнi автоматты түрде бередi.
      2. Аукциондық комиссия күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуi немесе сай келмеуi туралы шешiм қабылдайды.
      Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмеуi туралы шешiм қабылданған жағдайда, аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн қарау хаттамасы ресiмделедi және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жарияланады, оған аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн қарау хаттамасы ресiмделген күнi қол қояды.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн қарау хаттамасында әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу себептерi көрсетiлген ақпарат қамтылуға тиiс.
      Аукциондық комиссия аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi өнiм берушiлер анықталған жағдайда, мұндай әлеуеттi өнiм берушiлерге аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн қарау хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келтiру құқығын бередi.
      3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарауды жеңiлдету үшiн аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерден материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында қажеттi ақпаратты тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтiнiмдердi аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келтiрудiң осы баптың 2-тармағының төртiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмi өткеннен кейiн аукционға қатысуға өтiнiмдердi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, аукционға қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты аукциондық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi.
      Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген жағдайларда бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылады.
      5. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
      5-1. Егер аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiктерiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия бiр ғана әлеуеттi өнiм берушiнi аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келедi деп таныған болса, онда мұндай әлеуеттi өнiм берушi аукцион жеңiмпазы деп танылады.
      6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бiр де бiр әлеуеттi өнiм берушi аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
      7. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционның қорытындылары туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнi оны қалыптастырады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырады.
      8. Тапсырыс берушi аукцион қорытындылары туралы хаттама бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны аукцион жеңiмпазына жiбередi.
      9. Аукцион жеңiмпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс берушi қол қойған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт өзiне берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде қол қоюға және оны ұсынуға тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңiмпазы осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары тiзiлiмiне енгiзiледi.
      10. Егер аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс берушi өзiнiң баға туралы ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңiмпазының баға туралы ұсынысынан кейiн ең төмен болып табылатын мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында көзделген, белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, тапсырыс берушi өзiнiң баға туралы ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты табыс етпеген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткердiң баға туралы ұсынысынан кейiн ең төмен болып табылатын, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
      Аукцион жеңiмпазын қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгiленген мерзiмде табыс етпеген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлер, осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары тiзiлiмiне енгiзiлмейдi.
      12. Аукциондық комиссияның шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 6-тарау 35-8-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      35-9-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпедi
                 деп танудың негiздерi мен салдарлары

      1. Аукцион:
      1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлген жағдайда;
      2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
      3) егер аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс берушi осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаса;
      4) егер осы Заңның 35-8-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасылмаса, өтпедi деп танылады.
      2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған болса, тапсырыс берушi:
      1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
      3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.
      Ескерту. 6-тарау 35-9-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы
               мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру

      1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тiзбесi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Егер, биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарларды мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi биржалық тауарлар тiзбесiнде көзделген партияның ең аз мөлшерiнен аспаған жағдайда, тапсырыс берушi тауарларды мемлекеттiк сатып алудың өзге тәсiлiн таңдауға құқылы.
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ

      37-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу

      1. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде үлгiлiк шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны жеңiмпаз деп танылған әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазына олардың қорытындылары туралы хаттаманың бiр данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын жiбередi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы электрондық шарт жасасуға жол берiледi.
      2. Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
      3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуеттi өнiм берушiге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны не тиiсiнше орындалмағаны үшiн тұрақсыздық төлемi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған мiндеттеме мөлшерiнде тұрақсыздық төлемiн өндiрiп алуды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндетi көзделуге тиiс.
      4-1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тапсырыс берушiнiң өнiм берушiге жер учаскесiн құрылыс жұмыстарын орындауды уақтылы бастауды, оларды қалыпты жүргiзудi және мерзiмiнде аяқтауды, сондай-ақ электрмен, сумен жабдықтауды уақытша қосу үшiн техникалық жағдайларды қамтамасыз ететiн жай-күйде беру мiндетi көзделуге тиiс.
      5. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген жағдайларда, өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
      Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      Қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерi шартта тиiстi қаржы жылында көзделген жылдық сома негiзге алына отырып есептеледi.
      Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Шарт бойынша мiндеттемелерi толық орындалғанға дейiн өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiнде талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негiзiнде бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асырылған мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда оны берген өнiм берушiлерге, осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын өнiм берушiлерге қолданылмайды.
      6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:
      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
      2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негiз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;
      5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетiлу, берiлу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгiленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
      7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
      8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
      10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
      11. Алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      11-1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздердi төлеу шарттарын қамтуы тиiс.
      11-2. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң ең аз мерзiмi күнтiзбелiк он бес күннен кем болмауға тиiс.
      12. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
      13. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi түрде орындамаған жағдайда, тапсырыс берушi қаржы жылы аяқталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, тиiстi бюджеттiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кiрiсiне тұрақсыздық айыппұлын өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.12.26 № 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      38-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан
               жалтару

      1. Егер жеңiмпаз деп танылған әлеуеттi өнiм берушi қол қойылған мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге осы Заңда белгiленген мерзiмдерде бермесе немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, осы Заңның 37-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, онда мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
      2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi:
      1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға терiс пиғылды қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      39-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не
               жасалған шартқа өзгерiстер енгiзудiң негiздерi

      1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:
      1) тараптардың бiрi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге бастамашылық жасаса;
      2) шарт жобасының сомасын азайту бөлiгiне өзгерiстер енгiзуге жол берiлсе;
      3) шарт сомасын азайту бөлiгiне өзгерiстер енгiзу туралы шешiм тараптардың өзара келiсуi бойынша қабылданса жол берiледi.
      Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      2. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзуге:
      1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;
      2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес ведомстводан тыс кешендi сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен қабылданған мұндай өзгерiстiң сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешiм қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлiгiнде;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бiрлiгi үшiн бағаның өзгермейтiн талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
      4) егер өнiм берушi тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесiнде тауар бiрлiгiне берiлетiн бағаның өзгермейтiн талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудiң неғұрлым үздiк сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзiмiн және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi;
      5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;
      6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
      7) жасалған шарттың сомасы өзгермейтiн кезде мемлекеттiк бюджет есебiнен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген немесе жұмыстардың сметалық құны азайған және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес кейiннен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде;
      8) шарттың орындалуына байланысты тапсырысшының және (немесе) өнiм берушiнiң лауазымды адамына қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексеру жүргiзiлген жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде;
      9) егер өнiм берушi берiлетiн тауардың тауар өндiрушiсi болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы жасасылған шартты осылайша өзгертуге өнiм берушiнiң хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегiнде он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге жол берiледi.
      3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негiздер бойынша өткiзiлетiн (өткiзiлген) мемлекеттiк сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетiн өзгерiстер және (немесе) өнiм берушiнi таңдауға негiз болған ұсыныстар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      40-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың күшiне енуi

      1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт оған тапсырыс берушi мен өнiм берушi қол қойғаннан кейiн не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi толық енгiзгеннен кейiн күшiне енедi. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тiркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелгеннен кейiн күшiне енедi.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi оны жасағаннан кейiн не өнiм берушi конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8-тарау. АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      41-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
               асырудың ерекше тәртiбi

      1. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2. Ерекше тәртiп қолданыла отырып мемлекеттiк сатып алу, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Ерекше тәртiп қолданыла отырып мемлекеттiк сатып алу мынадай:
      1) құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше шарттарын белгiлеу талап етiлетiн құқықтық тәртiп пен ұлттық қауiпсiздiктiң қажеттiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
      2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген қызмет көрсетулердi;
      3) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4) алынып тасталды - ҚР 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      5) кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншiк құқығына тиесiлi тұрғын үйдi;
      6) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) өздерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтiк ақпаратты құрайтын мәлiметтердi;
      8) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiмен көзделген арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау мен айқындау жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
      9) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 № 115-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.05.05 № 158-IV, 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      41-1-бап. Қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн
                 мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
                 тәртiбi

      Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрiлердi, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттiлiгi мен әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн оларды жөндеу және жаңғырту жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртiп қолданылмайды.
      Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2009.07.11 № 182-IV Заңдарымен.

      42-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
               асырудың арнайы тәртiбi

      1. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiн (бұдан әрi - арнайы тәртiп) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылатын тапсырыс берушiлер, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қолданады.
      2. Арнайы тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Арнайы тәртiптi осы баптың 1-тармағында аталған тапсырыс берушiлердi басқару органдары:
      1) тұрақты негiзде әлеуеттi өнiм берушiлерге бiлiктiлiгi бойынша алдын ала саралау жүргiзу тәртiбiне;
      2) бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн жасау тәртiбiне;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бiлiктiлiгi бойынша алдын ала саралаудан өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын сұрату және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу негiзiнде өнiм берушiнi таңдау рәсiмдерi мен мерзiмдерiне;
      4) отандық тауар өндiрушiлерге, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерге қолдау көрсету тәртiбiне қойылатын талаптарды қамтитын, уәкiлеттi орган белгiлейтiн арнайы тәртiпке қойылатын үлгiлiк талаптарға сәйкес бекiтедi.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiктерiнiң
               (консорциумның) мемлекеттiк сатып алуға
               қатысуының ерекше шарттары

      Заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiктерiнiң (консорциумның) мемлекеттiк сатып алуға қатысуының ерекше шарттары электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      44-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде
               ұлттық режимдi қолдану

      1. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиiсiнше шетелдiк әлеуеттi өнiм берушiлер орындайтын жұмыстарға, көрсететiн қызметтерге Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиiсiнше қазақстандық әлеуеттi өнiм берушiлер орындайтын жұмыстармен, көрсететiн қызметтермен тең талаптарда ұлттық режим Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда қолданылады.
      2. Елдiң конституциялық құрылысының негiздерiн қорғау, құқықтық тәртiбiн, ұлттық қауiпсiздiгiн және қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының iшкi нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндiрушiлердi, отандық жұмыс, көрсетiлетiн қызмет берушiлердi қолдау мақсатында, уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиiсiнше шетелдiк әлеуеттi өнiм берушiлер орындайтын жұмыстарға, көрсететiн қызметтерге рұқсатқа тыйым салу және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге рұқсатты шектеуге құқылы.
      Көрсетiлген тауарлардың шығарылған елiн айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi оларға қатысты тыйым салуды, шектеулердi белгiлеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, уәкiлеттi орган шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиiсiнше шетелдiк әлеуеттi өнiм берушiлер орындайтын, көрсететiн жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру талаптарын белгiлеуге құқылы.
      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      44-1-бап. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жекелеген
                 санаттарының мемлекеттiк сатып алуға қатысуы

      1. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жекелеген санаттарының мемлекеттiк сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде:
      1) конкурс тәсiлiмен өткiзiлуге тиiстi, мүгедектердiң мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүрiп-тұруға арналған арнайы құралдар, мiндеттi гигиеналық құралдар) өндiретiн және (немесе) беретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң кемiнде елу пайызы көлемiнде;
      2) тауарларды өндiретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң кемiнде елу пайызы көлемiнде;
      3) жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң жүз пайызы көлемiнде сатып алуды жүзеге асырады.
      3. Тауарлар өндiретiн және (немесе) тауарлар беретiн, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар тiзбесiн және оларды енгiзу тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Тауарлар өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Осы баптың 2-тармағында белгiленген ережелердi iске асыру үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiне және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдарға рұқсат берiледi.
      Жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiне және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдарға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгерлердi және қызметтер көрсету бойынша бiрлескен орындаушыларды тартуға жол берiлмейдi.
      Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтiнiнде мемлекеттiк сатып алу тек қана тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген негiздер бойынша өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуеттi өнiм берушiлер арасында мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарына конкурстық баға ұсыныстарын шартты түрде он бес пайызға азайту түрiнде артықшылық беруге мiндеттi.
      Осы тармақта көрсетiлген артықшылықты беру тәртiбi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бөлiктерге бөлуге рұқсат берiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ағымдағы жылы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген жиынтық мәндегi жалпы көлемнiң кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Бұл ретте, бөлуге рұқсат берiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс мың еселенген жиынтық мәнiнен аспауға тиiс.
      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтiнiнде мемлекеттiк сатып алу тек қана шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында жүзеге асырылатынын көрсетедi.
      9. Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жалпы негiздерде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      Бұл ретте, сатып алу объектiсi болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшiн бөлiнген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескерiледi.
      10. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық немесе аукциондық құжаттамада шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылмайтын әлеуеттi өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi арасынан қосалқы мердiгерлердi (бiрлескен орындаушыларды) тарту туралы талапты белгiлеуге құқылы.
      Бұл ретте, орындауға, көрсетуге қосалқы мердiгерлер (бiрлескен орындаушылар) тартылатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi ағымдағы жылы осы жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескерiледi.
      Ескерту. 8-тарау 44-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      45-бап. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды
               ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды
               бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың,
               сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы
               бiрыңғай оператордың әрекеттерiне
               (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағым жасау

      Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың әрекетiне (әрекетсiздiгiне), шешiмiне, егер олардың әрекеттерi (әрекетсiздiгi), шешiмдерi әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушiнiң:
      1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
      2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзi қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi мемлекеттiк бақылау органдарына шағым жасауға жатпайды.
      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      46-бап. Дауларды шешу

      Мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

      47-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу
               туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      47-1-бап. Өтпелi ережелер

      Осы Заңның 12-бабы 6-тармағының ережесi 2012 жылғы 1 шiлдеге дейiн қолданылады.
      Ескерту. 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 ж., N 6, 7-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 12, 71-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi