-A A +A

Мұнайлы ауданының әділет басқармасы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Маңғыстау облысы Әдiлет департаментінің

Мұнайлы аудандық әділет басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Маңғыстау облысы Әдiлет департаментінің Мұнайлы аудандық әділет басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

         4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

         5. Басқарма мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы, егер заңнамаға сәйкес оған үәкілеттілік берілген жағдайда.

         6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Басқарманың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 130006, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдардың ғимараты.

9.  Басқарманың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы Әдiлет департаментінің Мұнайлы аудандық әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

         10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

         11. Басқарманың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуы республикалық бюджеттен орталықтандырылған   Маңғыстау облысы Әділет департаментімен (бұдан әрі – Әділет департаменті) жүзеге асырылады.

        

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

13. Басқарманың міндеттері:

1) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

2) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік   тіркеу, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру.

14. Басқарманың функциялары:

1) мемлекеттік тіркеу саласында:

заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;

құқықтық кадастрды жүргізу;

жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;

2) заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында:

аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың заңгерлік  қызметтерімен  өзара байланысты жүргізу;

қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге қатысуды, құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру;

терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;

3) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:

Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысында  тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауардың шыққан орнының атауын немесе фирмалық атауын  қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға тексерулерді жүзеге асыру;

4) әкімшілік іс жүргізу саласында:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.

15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

Басқарманың өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдауға;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

16. Бақарма басшысы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басқарма басшысымен жүзеге асырылады.

17. Басқарма басшысы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының келісімімен Әділет департаментінің басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) Басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін үйлестіреді;

2) Әділет департаменті басшысының атына Басқарма қызметкерлерін  қызметке тағайындау және босату, көтермелеу, демалыс беру, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

4) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

5) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Басқарма мүлкі

 

19. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

20. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарма қайта ұйымдастыру және тарату

 

22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Құсайын Жоламан Жұмабайұлы

Мұнайлы ауданының әділет басқармасының басшысы