-A A +A

Басшылық және оның орынбасарлары

    

 

Балгазин Руслан Байбулатович

 

Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы

Балгазин Руслан Байболатұлы 1979 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы, Ленин ауданы, Бадамша ауылында дүниеге келген. "Әділет" Жоғары құқық мектебін 2002 жылы бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Сот қаулыларын орындау бойынша комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің  Қарғалы аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қызметінен бастап, Ақтөбе облысы Соттар Әкімшілігінің сот приставтары қызметін ұйымдастыру, сот қаулыларының және ішкі қауіпсіздіктің орындалуына жауаптылықты қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, қалалық аумақтық учаскесінің сот орындаушысы, аға сот орындаушысы және Ақтөбе облысының жеке құрылымдарында қызмет атқарған.

2011-2012 ж.ж. – Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау және атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімнің басшысы.

2012-2014 ж.ж. – Ақтөбе облысының сот актілерін орындау департаментінің басшысы.  

2014-2016 ж.ж. – Ақтөбе облысы әділет департамент басшысының орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары.

2017 жылдың 14 тамызынан бастап Маңғыстау облысының әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

 

 

  

 

Акжолов Сарсенгали Копжасарович

 

1981 жылдың 18 қарашасында Абай ауылы, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі –жоғары, заңгер.

2003 жылы -  Мемлекеттік Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті, 2015 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолы 2003 жылы "Реал Экспресс" ЖШС заңгер қызметінен бастады.

2005 ж. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кеңесінің сот приставы, Астана қалалық сотының кеңесінің кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы - сот приставы қызметтерін атқарған.

2013 ж. Ақмола облысының Әділет департаментінің Целиноград ауданының әділет басқармасының жетекші маманы, Астана қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы.

2016 ж. бастап ШҚО Әділет департаментінің Зайсан ауданының әділет басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2016 жылдың 30 қарашадан бастап департамент басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

 

 

 

Кесикбаева Дарига Саломатовна

 

           1980 жылдың 09 қаңтар айында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары заңгерлік. 2001 жылы «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

           Кесикбаева Дарига Саломатовна 2000 жылдың қарашасынан бастап Маңғыстау облысы Сот қаулыларын орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы, 2001 жылдың 18 мамыр айынан бастап Соттар әкімшісінің атқару өндірісін және сот приставтарының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2009 жылдың 09 ақпан айынан бастап осы бөлімнің бастығы болып қызмет атқарған.2010 жылдың 20 қазанынан бастап Маңғыстау облысы Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2014 жылдың қараша айынан бастап департаменттің  атқарушылық өндірісті есепке алу және бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.2014 жылдың 11 қарашадан бастап департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарған.

          2015 жылдың 18 наурызынан бастап департамент басшысының орынбасары қызметін атқаруда.