-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі туралы

Ереже

  1. Жалпы Ереже

1.1.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Әділет органдары туралы», «Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3.Бөлімнің құрылымын, штат санын департамент басшысы бекітеді.

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары

      2.1.Әділет Министрлігінің және департамент басшылығының тапсырмаларын, Әділет Министрлігінің жұмыс жоспарларын, алқа қаулыларының және басқа да басшылыққа алынатын құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      2.2.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша қалалық, аудандық әділет басқармаларының қызметіне жетекшілік етеді;

      2.3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді мерзімінде және дұрыс жүргізуін қамтамасыз етеді;

      2.4.Жылжымайтын мүлік объектісінің тіркеу ісін, тіркеу парағын, құқықтық кадастрды сапалы жүргізуге және жылжымайтын мүлік объектісінің аумақтық электронды деректер жинағын мерзімінде қалыптастырады;

      2.5.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеумен байланысты құжаттардың және ақпаратттық қызмет көрсетудегі сауалдарының мерзімінде берілуін қамтамасыз етеді;

      2.6.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;

      2.7.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сонымен қатар ақпараттық қызмет көрсетудегі сауалдармен байланысты құжаттар қабылдауды сапалы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізеді;

      2.8.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеумен байланысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсету бойынша баспасөз ақпарат құралдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды;

      2.9.Жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестендіру сипаттамалары мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу мәселелері бойынша Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығымен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді.

      2.10.Жылжымайтын мүлікке тыйымды салу/босату құқықтарын тіркеу және жауабын беруді жүзеге асырады;

      2.11.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мерзімінде және сапалы тіркеуді жүзеге асырады, сонымен бірге құқықтық кадастрға белгіленген тәртіп бойынша ақпарат енгізеді.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

       3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       3.2. Бөлімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 3.3.  Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

       3.4. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

       3.5. Бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібіне бақылау жасауды жүзеге асырады;

       3.6. Департамент басшылығына бөлім қызметкерлерін марапаттау, тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау, босату, бөлім ішінде орын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізеді;

       3.7. Бөлім қызметіне талдау жүргізеді;

 3.8.  Бөлім басшысы осы мақсатта:

             Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және бақылайды, мамандардың қызметтік міндеттерінің мазмұнын және көлемін анықтайды, олардың еңбек және орындау тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

             Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

       3.9. Бөлімнің мамандары:

       Өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

       Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

       Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі басшысы

Сарбаева Ровшан Нұрсұлтанқызы