-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі туралы

Ереже

  1. Жалпы Ереже

1.1.Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Әділет органдары туралы», «Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3.Бөлімнің құрылымын, штат санын департамент басшысы бекітеді.

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары

      2.1.Әділет Министрлігінің және департамент басшылығының тапсырмаларын, Әділет Министрлігінің жұмыс жоспарларын, алқа қаулыларының және басқа да басшылыққа алынатын құжаттардың орындалуын бақылайды;

      2.2.Департамент және қалалық, аудандық әділет басқармаларындағы жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы туралы басшылықты ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      2.3.Департаменттің алқа қызметін ұйымдастырады.

      2.4.Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік (есептік) тіркейді;

      2.5.Мемлекеттік құпияны құрайтын және де олармен құпияландырылған мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мәліметтерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;

      2.6.Азаматтардан және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, оларды қарап, өтініш берушілерге заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімінде қайтарады;

      2.7.Өз қызмет саласында заңнамаларды қолдану практикасын қорындындылап, талдап және де оны жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізіп, заңнамалардың бұзулуына әкеліп соқтыратын негізсіз себептерді жояды;

 2.8. Департамент басшысымен берілген басқа да қызметтерді және құқықтарды жүзеге асырады.

 2.9. Заңды тұлғаларды мемлекеттік (қайта) тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта) тіркейді;

2.10. Қалалық, аудандық әділет басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

2.11. Ұлттық реестр тізілімін жүргізеді;

2.12. Бөлім мұрағатын жүргізеді;

2.13. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыстың ұйымдастырылу жағдайына тексеру жүргізеді;

      2.14. Заңнамада көзделген тәртіп бойынша департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

       3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       3.2. Бөлімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 3.3. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

       3.4. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

 3.5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

      1)  Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3.6. Бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады, басқарады және бақылайды, мамандардың қызметтік міндеттерінің көлемін және мазмұнын анықтайды, орындау және еңбек тәртіптерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

3.7. Бөлімге қатысты Департамент басшысының тапсырмаларының, жоспарларының іс-шараларының орындалуына бақылау жасауды іске асырады;

3.8. Бекітілген номенклатураға сәйкес іс жүргізуді бақылайды және құжат айналымын ұйымдастырды;

3.9. Департмент басшысына және оның орынбасарларына өз құзыретіне сай бөлімнің мамандарын қызметке тағайындау, лауазымнан босату туралы, марапттау және тәртіптік жаза беру туралы ұсыныстар енгізеді;

3.10. Бөлім мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

3.11. Бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру және оны ұйымдастырады;

3.12. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (қайта) тіркеуіне бақылайды;

3.13. Департамент басшысымен бөлімге жүктелген басқа да сұрақтарды қарайды.

      3.14. Өз құзіреті шегінде департаменттің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша орындауға міндетті тапсырмалар береді;

3.15. Бөлімнің мамандары:

1) Өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысы

Тіленбаев Айзат Жайлауұлы