-A A +A

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы Ереже

 

1.1.Ұйымдастыру-бақылу және кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, ҚР «Әділет органдары туралы», ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3.Бөлімнің құрылымын, штат санын департамент басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары

 

       2.1.Әділет Министрлігінің және департамент басшылығының тапсырмаларын, Әділет Министрлігінің жұмыс жоспарларын,алқа қаулыларының және басқа да басшылыққа алынатын құжаттардың орындалуын бақылайды;

  2.2.Департамент және қалалық, аудандық әділет басқармаларындағы жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы туралы басшылықты ақпаратпен қамтамасыз етеді;

        2.3.Департаменттің алқа қызметін ұйымдастырады.

        2.4.Департамент қызметкерлерін тағайындау және лауазымынан босату бойынша жұмысын ұйымдастырады және ұсыныстар дайындайды;

        2.5.Департаменттің кадр қозғалысыны, қызметкерлердің санының құрамы мен өзгеруінің есебін жүргізеді;

        2.6.Департамент қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарту ұсыныстарын дайындайды;

        2.7.Департамент кадрларын аттестациядан өткізуді ұйымдастырады;

        2.8.Департамент қызметкерлері арасында біліктілік көтеру және қайта көтеру оқуларын ұйымдастырады.

  2.9. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын талдайды;

  2.10. Департаменттің жұмыс жоспарын жасақтайды;

  2.11. Департаменттің жұмысының ұйымдастыру жағдайын талдайды және бағалайды;

  2.12. ҚР Әділет Министрлігі және департамент басшылығының жұмыс жоспарларының, алқа қаулыларының, нормативтік құқықтық актілерінің уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

  2.13. Департамент бөлімдерімен жоғары тұрған органдарға ақпаратты және есеп беру құжаттарын уақытында ұсынылуын бақылайды;

  2.14. Департаментте және оның құрылымдық бөлімшелерінде орындау тәртібінің жағдайын талдау және бақылайды;

  2.15. Департамент басшылығымен өткізілетін кеңес, алқа отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;

  2.16. Департаменттің алқа қаулыларын, басшының бұйрықтарын тіркеу және сақтау;

  2.17. Департаменттің кіріс-шығыс, сондай-ақ бақылау тапсырмаларын тіркеу, жолдау, есебін жүргізеді;

  2.18. Құжат айналымын талдайды;

  2.19. Әділет Министрлігімен бекітілген департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу нұсқаулығының сақталуын тексереді;

  2.20. Департаментке азаматтар мен заңды тұлғалардан жазбаша түсетін арыздарды тіркеу және есебін жүргізеді;

  2.21. Департамент басшыларымен азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

  2.22. Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне азаматтардың өтініштерін қарау бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

  2.23. Департамент мұрағатын жүргізеді.

        2.24. Мемлекеттік бос әкімшілік лауазымдарды толтыру бойынша конкурстың өткізілуін ұйымдастыру;

        2.25. Департаменттің тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастырады;

        2.26. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің аттестациядан өткізілуін ұйымдастырады;

        2.27. Кадрлардың қозғалысы мен құрамы есебін жүргізеді және талдайды;

        2.28. Резерв құрады және онымен жұмыс жасайды;

        2.29. Департамент қызметкерлерінің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізеді және оларды сақтайды;

        2.30. Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің мамандарға қажеттілігін анықтайды және кадрлық резевпен жұмыс жасайды;

        2.31. Департамент қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта оқытуын ұйымдастырады;

        2.32. Мемлекеттік қызметкерлердің заңда көзделген мемлекеттік қызметке келуіне байланысты шектеу бойынша олардың жазбаша келісімін тіркейді;

        2.33. Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жасаған, мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғалардың тізімін жүргізеді, құқықтық статистика және ақпарат орталығына мәлімет жолдайды және олармен салыстырмалы тексеру жүргізеді;

        2.34. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды;

        2.35. Департамент басшысымен бөлімге жүктелген басқа да сұрақтарды қарайды.

        2.36. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыстың ұйымдастырылу жағдайына тексеру жүргізеді;

        2.37. Өз құзіреті шегінде департаменттің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша орындауға міндетті тапсырмалар береді;

        2.38. Заңнамада көзделген тәртіп бойынша департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдар алдырады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

       3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       3.2. Бөлімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

  1. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

       3.4. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

 3.5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

      1)  Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және бақылайды, мамандардың қызметтік міндеттерінің мазмұнын және көлемін анықтайды, олардың еңбек және орындау тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің мамандары:

1) Өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Уразова Альфия Салауотовна

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің басшысы