-A A +A

Зияткерлік меншік құқығы бөлімі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

зияткерлік меншік құқықтары бөлімі туралы

 Ереже

  1. Жалпы Ереже

1.1. Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысы бекітеді.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары

      2.1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар дайындауға қатысу;

      2.2. Өнеркәсіптік меншік объектілерін, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін қорғауды қамтамасыз ету;

       2.3. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында қолданыстағы заңнаманы насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

       2.4.  Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді жасақтауға қатысу;

       2.5. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша сұрақтарын ұйымдастыру және азаматтарға кеңес беру;

       2.6. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және хаттамалар жасақтау;

       2.7. Мемлекеттік емес ұйымдармен және шығармашылық бірлестіктер және өнертапқыштық қызметін үйлестіреді;

       2.8. Авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметтерін бақылауды жүзеге асырады;

 2.9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті басшылығының тапсырмасы бойынша зияткерлік меншік объектілерін қорғау сұрақтары бойынша мәжілістерге және семинарларға, дүниежүзілік конференция жұмыстарына қатысады;

       2.10. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген, басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

       2.11.Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыстың ұйымдастырылу жағдайына  тексеру жүргізу;

       2.12. Өз құзіреті шегінде департаменттің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

       2.13. Заңнамада көзделген тәртіп бойынша департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдар алуға.

       2.14. Зияткерлік меншік объектілерін қолдану фактілері туралы азаматтардан және лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік ұйымдардан басқа да ұйымдардан акпараттарды алу және сұрату;

       2.15. Бөлім жұмыстарын жақсарту бойынша ұсынымдар беру;

       2.16. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да құқықтарын жүзеге асыру.            

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

       3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

       3.3. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы  үшін дербес жауапты болады.

       3.4. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

3.5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

      1)  Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және бақылайды, мамандардың қызметтік міндеттерінің мазмұнын және көлемін анықтайды, олардың еңбек және орындау тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3.6. Бөлімнің маманы:

1) Өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Бақсенов Серік Абылайұлы

Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы