-A A +A

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі туралы

Ереже

  1. Жалпы Ереже

1.1. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Әділет органдары туралы» Заңына, ҚР Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, Әділет министрлігінің, департамент басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларына, алқа қаулыларына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысы бекітеді.

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары
  1. Құқықтық түсіндіру және мемлекеттік нотариат қызметін ұйымдастыру;

      2.2. Мемлекеттік және жеке нотариустардың қызметіне байланысты жұмыс жүргізу, жеке нотариустарды есепті тіркеу және селолық, поселкелік округтердің нотариаттық іс-әрекеттер жасаудағы қызметін ұйымдастыру және оларға әдістемелік көмек көрсету;

       2.3. Облыстық адвокаттар алқасымен қарым-қатынас жұмыстарын жүргізеді және әдістемелік көмек көрсетеді;

       2.4. Әділет департаменті бөлімдерінің, құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық насихат жұмыстарын зерделейді, үлгі жұмыс әдістемесін таратады, құзыретіне қарай бақылайды;

       2.5. Қалалық, аудандық әділет басқармаларының құқықтық түсіндіру мәселелері бойынша жұмыстарын үйлестіреді;

2.6. Жүйелі түрде құқықтық жарияланымдарды республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

2.7. Әділет департаментінің құрылымдық басқармалары, департамент қызметкерлеріне мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастырады.

        2.8. Қалалық, аудандық әділет басқармаларынан, мемлекеттік органдарынан, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

        2.9. Семинарлар, конференциялар өткізуге және жиналыстарға оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қатысады;

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

       3.1. Бөлім қызметі департамент басшысы бекітетін қызметкерлер арасында міндеттерді бөлуге сәйкес, департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

       3.2. Бөлімді департамент басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы осы мақсатта:

      -    бөлім қызметкерлерінің қызметіне басшылықты, оны үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;

     -      бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінің көлемі мен мазмұнын белгілейді;

     -      қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;

     -   бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жеке жауапкершілікті көтереді;

     -   департамент басшысымен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелеу және оларға жаза қолдану, олардың орнын алмастыру, қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстарды енгізеді.

      3.4. Бөлім басшысы болмаған жағдайда оның қызметтік міндеттерін бөлімнің бас мамандарының бірі атқарады;

      3.5. Бөлімнің мамандары:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен еңбек заңнамасының нормаларын сақтайды;

-  ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңдардың, 03.05.2005жылғы № 1567 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтайды.

 

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі басшысының м.а.

Ауесканова Гулзия Каскырбаевна