-A A +A

Қаржы және материалдық-техникалық бөлімі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

1.   Жалпы ережелер

1.1.       Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі (әрі қарай – Бөлім) Маңғыстау
облысыньң  әділет  департаментінің (әрі қарай – Департамент) құрылымдық
бөлімшесі болып табылады.

1.1.       Бөлім өзінің  қызметін  ҚР  Конституциясына,  ҚР  «Әділет органдары туралы» Заңына, Маңғыстау облысының әділет департаменті  туралы Ережесіне, ҚР Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, Әділет министрінің,  Департамент басшысының бұйрықтары     мен тапсырмаларына, алқа қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

2.   Бөлімнің негізгі міндеттері,  құқықтары мен функциялары

       2.1. Департаменттің   қаржы-шаруашылық   қызметі   туралы   нақты   және  толық ақпаратпен қамтамасыз етеді;

       2.2. Қаржы есеп беруін дайындау және бухгалтерлік есеп жургізу  бойынша жұмысты  ұйымдастырады;

      2.3. Бюджет қаражатын мақсатты жұмсауға бақылау жүргізеді.

      2.4. Департамент   аппаратының   бухгалтерлік   есеп   және   есеп   беруін   дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз етеді;

      2.5. Департамент аппаратының қызмет қаржы шаруашылық көрсеткіштері туралы
бухгалтерлік баланс және есеп беруін қарастырады, сметаның орындалуы туралы
баланс құрастырады және оны көзделген тәртіп бойынша ҚР Әділет министрлігіне
ұсынады;

      2.6. Жиынтық статистикалық есептерді толтырады және тиісті органдарға көзделген
мерзімде ұсынады;

       2.7. Департаментінің    қаржы-шаруашылық   көрсеткіштер    жағдайын    бақылайды,
талдайды, кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізеді және олар бойынша
шаралар қолданады;

       2.8. Баланста жетіспеушіліктерді көзделген тәртіппен қорытынды дайындайды және
құжаттарды    қарастырады,    мемлекеттік   мүліктік   сақталуын    қамтамасыз   ету
шаралар  жүргізуге  қатысады;

       2.9. Баланстың активтері, материалдық қорлар, ақша және басқа есептерін түгендеу
жүргізуге және осы бойынша уақытында және дер кезінде анықтауға және олар
бойынша есептерді ашып көрсетуге қатысады;

       2.10. Есеп саясаты кұжаттарын, берілген есептердің машиналық бағдарламасын, оларға
есеп жургізуін және көзделген тәртіп бойынша мұрағатқа тапсыру құжаттардың
сақталуын қамтамасыз етеді.

       2.11. Өз құзіреті шегінде департаменттің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

      2.12. Заңнамада көзделген тәртіп бойынша департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен  қажетті ақпарат пен материалдар алуға.

                  3.  Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

           3.1     Бөлімнің қызметі Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес және бөлім
қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне сәйкес жүргізіледі;

                                3.2.   Бөлімді бөлім басшысы (бас бухгалтер) басқарады;

         3.3. Бөлім басшысы:

       - бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға дербес жауапкершілік береді;

       -    бөлімнің жұмысын ұйьмдастырады және оған бақылау жасайды;

       -    бөлім қызметкерлеріне басшылық жүргізеді;

       -       бөлім қызметкерлерінің орындау және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

      -     бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша көзделген тәртіппен басшылыққа
кызметкерлерді    тағайындау    және    оларды    лауазымынан    босату,    тәртіптік
жауапкершілікке тартуға, марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;

      -     департамент басшысымен оған жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

     - бөлім басшысы болмаған жағдайда оның қызметін бас маман
жүргізеді;

    -       бөлім басшысы Департамент басшысымен бірлесе отырып банктік құжаттарға және ақша құралдары мен тауар-материалдык бағалылықтарға шығуына және қабылдауына негіз болатын кұжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелерге және шаруашылық шарттарға қол қояды;

    -   бөлім басшысы Әділет министрлігіне бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша тапсырмалары мен нұсқауларыньң орындалуына жауап береді;

бухгалтерлік есепті жургізу кезінде бөлім басшысы бөлім қызметкерлеріне қызметтік міндеттерді тағайындайды;

    -   әділет департаментінің құрамына кіретін барлық бөлімшелер бөлімге қажет құжаттарды беруге міндетті;

    -  бөлім басшысы бюджет бойынша бекітілген смета шығындары бойынша оларды мақсатты қолдану және ашьқ лимиттерге сәйкес ақша қаражатының дұрыс және тиімді бойынша пайдалану, ақша қаражатыньң және материалдық бағалылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді;

   -    Әділет министрлігіне және Департамент басшысына жедел ақпарат ұсынады;

Әділет министрлігіне тоқсандық және жылдық есеп берулерді дайындайды және тапсырады;

     3.4.  Бөлімнің  мамандары:

    -       ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтайды;

    -       тапсырмаларды сапалы және уақытында орындайды;

    -       департамент басшысының, бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды;

    -       мемлекеттік қызмет туралы заңнамасыньң анықтайтын басқа міндеттерді өз өкілеттіктері шеңберінде  бөлімнің қызметін үйлестіреді;

   -       бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге  жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын  жүзеге асыруға дербес жауапты болады

   -        бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қаржы және материалдық-техникалық бөлімінің басшысы

Епенова Әсем Әнесқызы