-A A +A

Азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі туралы

Ереже

  1. Жалпы Ереже

1.1.Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Әділет органдары туралы» Заңын, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Ережесін, ҚР Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерін Әділет министрінің, департамент басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, алқа шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3.Бөлімінің құрылымы мен штаттық саны Департамент басшысымен бекітіледі және өзгертіледі.

 

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері, құқықтары мен функциялары

 

  1. Азаматтық хал актілерін тіркеу заңдылығының сақталуына бақылау жүргізеді;

      2.2. Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша қалалық, аудандық әділет басқармаларының қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2.3. ҚР заңнамаларында көрсетілген басқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы, мемлекеттік органдардан, нотариус мен АХАТ органдарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қоюды жүзеге асырады;

      2.4. Басқа республикалардан азаматтардың өтініштері мен сұраныстары бойынша қайталама куәліктер мен акт жазбаларын береді;

      2.5. Қатаң есептегі елтаңбалы мемлекеттік куәлік бланкілерінің сақталуын қадағалайды;

      2.6. Әділет Министрлігіне Қазақстан Республикасының шетел азаматтарымен некеге отыру және халықаралық бала асырап алу жұмысын жүргізеді және есеп береді;

  1. Тууды толық және дер кезінде тіркеу жұмысын ұйымдастырады, есеп береді;
  2. Бүлінген және жарамсыз елтаңбалы куәлік бланкілері бойынша акт жасақтайды;

      2.9. Есеп және есеп беру бөлімімен елтаңбалы куәлік бланкілері бойынша салыстырулар жүргізеді;

      2.10. 23 нысан бойынша есепті құрастырады, Әділет Министрлігіне осы нысан елтаңбалы куәлік бланкілері бойынша есеп береді;

      2.11. Тууды толық және дер кезінде тіркеу мақсатында Перинаталдық Орталықпен жұмысты ұйымдастырады және облыс бойынша туғандар мен қайтыс болғандардың тізімін уақытында әділет департаментіне ұсынылуын қадағалайды;

2.12. Қалалық, аудандық әділет басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

2.13. Қалалық, аудандық әділет басқармаларының АХАТ саласы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу жағдайы қызметін қорытындылау, талдау жұмыстарын жүргізу, іс тәжірибесін зерделейді;

2.14. Жинақталған құжаттар бойынша азаматтық хал актілерінің акт жазбаларын жою жөнінде қорытынды жасап, бекітеді;

2.15. Қалалық, аудандық әділет басқармаларының АХАТ саласы қызметкерлерінің сынақ мерзімінен өтулерін ұйымдастырады;

2.16. Орталық Серверге жіберілген мәліметтерді қадағалайды.

2.17. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыстың ұйымдастырылу жағдайына тексеру жүргізеді;

      2.18. Өз құзіреті шегінде департаменттің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша орындауға міндетті тапсырмалар береді;

      2.19. Заңнамада көзделген тәртіп бойынша департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен материалдар алдырады.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

       3.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       3.2. Бөлімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

  1. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      3.4. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

3.5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

      1)  Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және бақылайды, мамандардың қызметтік міндеттерінің мазмұнын және көлемін анықтайды, олардың еңбек және орындау тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің мамандары:

1) Өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы

Ахмедова Ляззат Иванқызы