-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Маңғыстау облысының Әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі туралы

Ереже

  1. Жалпы Ереже

       1.1.Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысының Әділет департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

       1.2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Әділет органдары туралы”, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, ҚР Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, Әділет министрінің, Департамент бастығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, алқа шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. 

1.3.Бөлімінің құрылымын, штат санын департамент басшысы бекітеді.

2.Бөлімінің негізгі міндеттері,  құқықтары мен функциялары

       2.1. Мемлекеттің және ұйымдардың, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғайды және сақтайды;

       2.2. Мемлекеттік құпияны құрайтын, және де олармен құпияландырылған мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мәліметтерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;

       2.3. Азаматтардан және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, оларды қарап, өтініш берушілерге заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімінде қайтарады;

       2.4. Өз қызмет саласында заңнамаларды қолдану практикасын қорытындылап, талдап және де оны жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізіп, заңнамалардың бұзылуына әкеліп соқтыратын негіз себептерді жояды;

       2.5. Өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік органдарға құқықтық және әдістемелік көмек көрсетеді.

       2.6. Жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелуін іске асырады;

       2.7. Мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

       2.8. Мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асырады;

       2.9. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді;

       2.10. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған олардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді;

       2.11. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатыстық заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді;

       2.12. Нормашығармашылық қызметін іске асырады;

       2.13. Жергілікті мемлекеттік органдары қолданылатын мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялайды;

       2.14. Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірістерді (істерді) іске асырады.

       2.15. Соттарда Департаменттің мүдделерін қорғауды іске асырады;

       2.16. Департаменттің межведомстволық үйлестіру және өз құзыреті мәселелерін бақылау бойынша функцияларын іске асырады;

       2.17. Департамент атынан заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті материалдармен ақпараттар сұратады және алдырады;

       2.18. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен берілген басқа да құзыреттерін іске асыра алады.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

       3.1 Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

3.3. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы  үшін дербес жауапты болады.

       3.4. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

 3.5. Бөлім басшысы осы мақсатта:

      1)  Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және бақылайды, мамандардың қызметтік міндеттерінің мазмұнын және көлемін анықтайды, олардың еңбек және орындау тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3.6. Бөлімнің мамандары:

1) Өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Бөлім басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

image005

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы

Көшкінбаева Әуес Өришанқызы